«Мектептерде және ЖОО-да жаңа технологияны қолдану арқылы шетел тілдерін оқытудың теориясы мен практикасы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

logo1

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Сізді 2017 жылдың 14 сәуірде өтетін «Мектептерде және ЖОО-да жаңа технологияны қолдану арқылы шетел тілдерін оқытудың теориясы мен практикасы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырады.

Ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. Шет тілдік білім беру мазмұнын жаңашаландыру: мәселелері мен келешегі.

2. Білім беру жүйесінде ақпараттық технологияны құру және қолдану бағыттары.

3. Білім беру жүйесінде үштілділікті ендірудегі тәжірибелік қадамдар.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, француз, неміс.

2017 жылдың 10 сәуірге дейін электронды пошта арқылы баяндама (мәтін көлемі 5 беттен асырмай, шрифт түрі: Times New Roman, кеглі – 12, жиегі – 2,5 см, 1 интервал аралығында; жоғары жағынан сол жағына ӘЖК жазылады; баяндаманың тақырыбы бас әріппен, жаңа жолдан бастап 2 интервал аралығында, қалың шрифтпен; автордың фамилиясы мен инициалы және ұйымның аты төменнен бір жол түсіп 2 интервал аралығында; 1 интервал аралығында, азат жолдан бастап баяндаманың тексті жазылады), өтініш (төмендегі үлгіге сәйкес) және төлем ақысы туралы түбіртек (2500 тенге) жіберіледі. Әдебиеттер тізімі көрсетілмеген жағдайда ұсынылған баяндамалар қабылданбайды.

Материалдарды төмендегі адрес бойынша жіберу керек: БҚО, 090000, Орал қаласы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Достық даңғылы., 162, №1 ғимарат, 318 каб. “Шетел тілдері” кафедрасы, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. , This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. . Барлық сұрақтар бойынша Кадыргалиева С.И., Есбергенова Г.И. (жұмыс тел.: 8(7112)51-30-62, ұялы тел.: 87012682593, 87789598685) хабарласуға болады.

Конференция материалдары тіке көшіру арқылы ғылыми жинақ түрінде жарияланады. Конференцияға келу шығындары қатысушылар есебінен төленеді.

Банк реквезиттері: ҚР Халық банкінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы, ИИК KZ176010181000011617, БИК HSBKKZKX, БСН 000340002393, Кбе 16.

Төлем мақсаты: Облыстық «Мектептерде және ЖОО-да жаңа технологияны қолдану арқылы шетел тілдерін оқытудың теориясы мен практикасы» аттығылыми конференцияға қатысу үшін.

Тіркеу формасының үлгісі:

1. Аты-жөні (толығымен) ___________________________________________________________

2. Ғылыми атағы, дәрежесі, лауазымы _______________________________________________

3. Мекеме атауы, бөлімшесі_________________________________________________________

4. Мекен-жайы, телефон, е-mail ____________________________________________________

5 5. Мақала атауы __________________________________________________________________

6. Секция_________________________________________________________________________

7. Қажетті техникалық құралдар _____________________________________________________

Ұйымдастыру комитеті

 

БӨЛІСУ

Submit to DeliciousSubmit to DiggSubmit to FacebookSubmit to Google BookmarksSubmit to StumbleuponSubmit to TechnoratiSubmit to TwitterSubmit to LinkedInSubmit to BobrdobrSubmit to LiveinternetSubmit to LivejournalSubmit to MoymirSubmit to OdnoklassnikiSubmit to VkcomSubmit to Yaru

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua