М.Өтемісов атындағы БҚМУ 2017 жылдың 30-31 наурыз күндері Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында 5В090600 – Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша ІХ республикалық пәндік олимпиада өткізіледі.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасындағы мәдени-тынығу жұмысы бойынша ІХ республикалық олимпиада

 

Ақпараттық хат

(Орал қаласы, 30-31 наурыз 2017 жыл)

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 2017 жылдың 30-31 наурыз күндері Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында 5В090600 – Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша ІХ республикалық пәндік олимпиада өткізіледі.

Олимпиада бағдарламасына жоғары оқу орындары 5В090600 – Мәдени-тынығу жұмысы мамандығының базалық пәндер тараулары бойынша тапсырмалары кіреді.

Олимпиада байқауының нәтижесі бойынша қазылар алқасы құрамы 1, 2, 3 орындарға ие болған үздік қатысушыларды анықтайды. Олимпиадаға қазақ және орыс тілдерінде білім алып жатқан барлық курс студенттері қатыса алады (қатысушыларда өздерімен бірге жеке куәлік, сынақ кітапша немесе студенттік билет болу керек).

Команда құрамы: жетекші және 6 команда мүшелері. Іс-сапар шығыны (жол ақысы, тұратын орны және тамағы) топты жіберіп отырған ЖОО есебінен төленеді.

Олимпиадаға қатысушылардың өтінімі This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштаға 2017 жылдың 20 наурызына дейін төменде көрсетілген үлгі бойынша жіберілуі тиіс:

5В090600 – Мәдени-тынығу жұмысымамандығы бойынша ІХ республикалық студенттік олимпиадаға қатысу өтінімі (әр қатысушыға толтырылады)

Тіркеу карточкасы:

1. Қатысушының аты-жөні (толығымен):

2. Шифр, мамандық, курс, оқу тілі:

3. ЖОО (толық аты):

4. Мекен-жайы, байланыс телефоны/факс, Е- mail (қатысушының мекемесінің):

5. Олимпиада тапсырмасын орындайтын тілі (қазақ, орыс):

6. Қонақ үйді брондау қажеттілігі (иә/жоқ):

7. Келуі (күні, уақыты, көлік түрі):

8. Кетуі (күні, уақыты, көлік түрі):

9. Топ жетекшісінің аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі және атағы, байланыс

телефоны (ұялы тел.):

10. E-mail (міндетті түрде).

Тіркеу карточкасы электрондық мекен-жайғаdoc форматта жіберіледі. Жетекшінің және студенттердің жеке куәліктерінің көшірмелері жіберілуі тиіс. Олимпиада қатысушыларының келу мерзімі 29 наурыз 2017 жыл.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, мәдениет және өнер факультеті, Достық – Дружба даңғылы 137, №4 оқу ғимараты.

Байланысушы тұлға: Айтқалиева Қарлығаш Дайыргалиевна – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, мәдениет және өнер факультеті, хореография және мәдени-тынығу жұмысы кафедрасының меңгерушісі, жұмыс тел.: 8(7112)51-27-39; ұялы тел.: 8-701-393-25-67, 8-747-609-39-72; e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .

Олимпиаданың ережесі мен бағдарламасы университет сайтында орналастырылған (www.wksu.kz).

Ұйымдастыру комитеті 

 

Ережені жүктеу

 

БӨЛІСУ

Submit to DeliciousSubmit to DiggSubmit to FacebookSubmit to Google BookmarksSubmit to StumbleuponSubmit to TechnoratiSubmit to TwitterSubmit to LinkedInSubmit to BobrdobrSubmit to LiveinternetSubmit to LivejournalSubmit to MoymirSubmit to OdnoklassnikiSubmit to VkcomSubmit to Yaru

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua