Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті университетшілік ғылыми зерттеу жобаларын қаржыландыруға конкурс жариялайды

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті университетшілік ғылыми зерттеу жобаларын қаржыландыруға

конкурс жариялайды

Ғылыми зерттеу жобаларының конкурсы Қазақстан Республикасы ғылымы дамуының басым бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулерді қолдау және М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқытушылары, магистранттары мен студентерін ғылым зерттеулерге тарту мақсатында өткізіледі.

Белгіленген тәртіпте ресімделген конкурс құжаттарын 2018 жылдың 8 мен 26 қазаны аралығында келесі мекен-жайда кабылданады: Студенттер көшесі, 1Б, №8 оқу ғимараты, 210-кабинет, ғылым және халықаралық байланыстар бөлімі.

Аталған конкурс жөніндегі толық ақпарат пен талаптарды М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми зерттеу жобалары конкурсы туралы ережеде (1-қосымша) танысуға болады.

Қызығушылық танытқан университет қызметкерлері толық ақпаратты 09.00 мен 18.30 жұмыс уақыты аралығында төменде көрсетілген контакті арқылы білуге болады.

Байланыс ақпараты:М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылым және халықаралық байланыстар бөлімі (№8 оқу ғимараты, 210 кабинет).

Жауапты тұлға: Имашев Эдуард Жусупович – ғылым және халықаралық байланыстар бөлімі жетекшісінің м.а.

Телефон: +7 7112 260368, +7 775 235 6522.

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректораты

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua