Құрметті 1 курс студенттері! (мемлекеттік білім гранты иегері болсаңыз)

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

 

Құрметті 1 курс студенттері!

 

Егер Сіз мемлекеттік білім тапсырысы (мемлекеттік білім гранты иегері болсаңыз) негізінде білім алып жатсаңыз, шәкіртақы (стипендия) аудару үшін Сізге Халық банкінің (Народный банк) кез-келген филиалында төлем карточкасын аштыру қажет.  Өзіңізбен бірге жеке куәлік көшірмесін, біздің жоо-ң студенті екендігіңізді дәлелдейтін анықтама апаруыңыз қажет (анықтаманы өз деканатыңыздан аласыз).

Егер Сіз 16 жасқа толмаған болсаңыз, онда өзіңізбен бірге туу туралы куәліктің, жоо-ң анықтамасының болуы және өзіңізбен бірге ата-анаңыздың баруы шарт.

Төлем картасы 2 апта мерзім ішінде рәсімделеді.

Банктан Сіз төлем картасы мен 20 сандық шот нөмірін аласыз.

Төлем картасы өзіңізде қалады.

20 сандық шот нөмірі туралы хабарламаны жеке куәлік көшірмесімен бірге өз деканатыңызға тапсырасыз.

Сізден аталған төлем картасын рәсімдеуді тездетуіңізді сұраймыз, себебі шәкіртақы тағайындау мерзімі төлем картасын рәсімдеуге байланысты.

 

Академиялық қызмет департаменті

Телефон 50 47 77

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua