Назар аударыңыз! Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелге оқуға барғысы келетіндерге!

Назар аударыңыз!

ҚР Білім және ғылым министрлігінің қаржыландыруы есебінен шетелдік жоғары оқу орындарына академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында барғысы келетін барлық мамандықтар бойынша бакалавриатта оқып жатқан студенттер құжаттар пакетін интернационалдандыру орталығына 1 корпус 313 кабинетке  2019 жылдың 1 мамырына дейін тапсыру қажет.
Құжаттар тізімі:
1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (нотариалды куәландырылған түрлі-түсті көшірме);
2) ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) № 082/е нысан бойынша Медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін); 
3) білімі туралы құжаттар (нотариалды куәландырылған түрлі-түсті көшірмелер): "Бакалавриат" бағдарламасы бойынша жіберу үшін: ағымдағы үлгерімі туралы транскрипт; "Магистратура" бағдарламасы бойынша жіберу үшін: қосымшасы бар бакалавр/маман дипломы және ағымдағы үлгерімі туралы транскрипт; "Резидентура" бағдарламасы бойынша жіберу үшін: қосымшасы бар бакалавр/маман дипломы, қосымшасы бар интернатураны бітіргені туралы куәлік және ағымдағы үлгерімі туралы транскрипт; "Докторантура" бағдарламасы бойынша жіберу үшін: қосымшасы бар магистр дипломы немесе резидентураны бітіргені туралы куәлігі және ғылыми диссертацияның өзектілігі және оқуға жіберу қажеттілігі туралы кафедра мәжілісінен үзінді көшірме;
4) ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын халықаралық танылған сертификат (IELTS, TOEFL);
5) он сегіз жасқа толмаған үміткердің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің 2 (екі) айдан астам мерзімге жазбаша келісімі;
6) грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері (олар болған жағдайда, мамандығы бойынша нотариалды куәландырылған және мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылған;
7) бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері немесе бала асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі, бірге тұратын барлық кәмелетке толмаған балалардың мекенжай анықтамалары, студент отбасының көпбалалы болуын растау үшін;
8) студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетімдерге немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге жататын студенттер санаты үшін);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама. 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua