Бүгін М. Өтемісов атындағы БҚМУ ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» аталатын келелі мәселелер көтерілген Қазақстан халқына жолдауын тыңдап, талқылады.

Бүгін М. Өтемісов атындағы БҚМУ ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» аталатын келелі мәселелер көтерілген Қазақстан халқына жолдауын тыңдап, талқылады. Жаңғырудың жаңа кезеңінде әлеуметтік саланы жаңғыртудың маңыздылығын ескерген Президент осы саладағы басым бағыттарға мән беру қажеттігін айтып өтті. Білім беру сапасын жақсарту мақсатында Елбасы жастар арасында жұмыссыздық мәселесін айқын көтерді. Жыл сайын мектеп түлектерінің кәсіби және арнаулы оқу орындарына түсе алмау көрсеткішінің артуы олардың теріс жолға түсуіне себепші болатынын айтты. 

Білікті педагог кадрлардың тапшылығын жою мақсатында «Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыру қажеттігін де жеткізді. 

Ел Президенті жоғары білімнің сапасына жеке тоқталды. Өз түлектерін жұмыспен қамту жағынан еліміздегі жоғары оқу орындарының жартысы ғана 60 пайыздық деңгейге қол жеткізіп отырғанын баса айтқан болатын. 

2020 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өсетіндігі бүгінгі студент, болашақ педагог мамандарды қуантары анық. Жолдауда айтылған осы және өзге де мәселелер бойынша университет ректоры Нұрлан Серғалиев, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Әсет Тасмағамбетов, факультет декандары, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер пікірлерін айтып, ой бөлісті

IMG 3187IMG 3192IMG 3226IMG 3241IMG 3255IMG 3277IMG 3291

IMG 3300

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua