4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні.

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні. Осыған орай, бүгін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Туымен – тұғырлы, Елтаңбасымен – еңселі, Әнұранымен – айбатты ел» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.
1992 жылы 4 маусым күні Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны алғаш рет бекітілді. Көгілдір түсті туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан Елтаңбамыз бүкіл әлемге Қазақстан Республикасы аталатын жаңа тәуелсіз мемлекет бейнесін паш етті. Бүгінгі бас қосуда университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Т.М.Даришева:
- Бүгінгі күн бәрімізге өте ерекше. Жұмысымыздың жемісін бергенін көру ұжым үшін – бақыт. Біз – аккредитацияны сәтті аяқтадық. Сонымен қатар, Қазақстанның 120-дан асқан университеттерінің ішінен, «Үздік 10-қа» кірдік. Бұның барлығы тәуелсіз мемлекетімізде ерен еңбек ететін жастарды тәрбиелеу, даярлау жолындағы қызметіміздің нәтижесі. Осынау атаулы күні, университет ректораты атынан барлығыңызды мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Мәртебеміз бен мақтанышымызға айналған нышандарымыздың маңыздылығын түсіну үшін, бір сәт, өткен тарихқа көз жүгірткен дұрыс болар. Себебі жаңадан мемлекет болып қалыптасып, тәуелсіздіктің тәтті дәмін татқан сәттен, өзімізге ғана тән, рухымызға жақын, жанымызға сая болатын ұлттық нышандарымызды аңсап күттік. 1992 жылы 4 маусымда асқақ арманымыз орындалып, өзгелерден кем түспейтін рәміздеріміз халыққа ұсынылып, Қазақстандықтар жылы қабылдаған еді. 90 жылға жуық тарихы бар қарашаңырақ осы оқиғалардың бәрін бастан кешірді. Ендігі мақсат, болашаққа нық қадаммен, ел мүддесі үшін ерен еңбек ету.
Дөңгелек үстел барысында Қисмова Алиса өз шығармашылығынан «Тұғырың биік болғай туған елім» өлеңін оқыды. Сонымен қатар, М.Бақтығұлов, А.Кенжегалиев, М.Жұбан, Г.Шайхниязова және Қ.Досжанов сынды мемлекеттік сала қызметкерлері мен ғалым,ұстаздар баяндамалар оқыды. 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua