Университетінде ардагерлер кеңесінің отырысы өтті.

IMG 2760 mini
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ардагерлер кеңесінің отырысы өтті. Білім ордасының басшысы Н.Х.Сергалиев алғы сөз алып, қарттарды қазынаға теңеп, жиналысты жақсы жаңалықтан бастады. Жуырда ғана университетіміз аккредиттеуден өткендігін, бүгінгі келген қортынды бойынша келесі аккредиттеу 5-7 жыл көлемінде өтетіндігін зор қуанышпен жеткізді. Ардагерлер кеңесінде негізгі 2 мәселе қозғалды. Біріншісі, университет қазіргі таңда қандай жұмыстар атқаруда? Ал, екіншіден, ардагер ұстаздардың ұсыныстары мен лебіздеріне құлақ салу болды. Ректор Нұрлан Хабиболлаұлы бір жыл көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқтала отырып, қысқаша есебімен таныстырды. 90 жылға жуық тарихы бар университеттің бүгінгі күні алға қойған мақсаттары мен стратегиялық жоспарларын ардагерлерге алға тартты. Университеттің тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Түймеш Малбағарқызы отырған әр ардагердің ұжым үшін қымбаттылығын, 65 пен 95 аралығындағы асыл қазыналардың ақыл-кеңестерінің маңыздылығын айтып, өмірден өткен орны толмас тұлғаларды да есіне алды.
Білім ордасының басшысының есебінен соң кеңес мүшелері өз ойларымен ашық бөлісті. Т.Т. Кубашев: Бүгін, мен, ректорымызды басқа қырынан танып отырмын. Бәрімізге де жаңашылдықты қолдау керек. Көршілес мемлекеттердің білім бағдарламасына қарай отырып, бәсекеге қабілеттілік таныту қажет. Европаға ғана емес, Азияның озық тәжірибесіне де назар аудару қажет, - деді. Наурыз Ахметұлы тіл мәселесіне байланысты ой қозғаса, Меруерт Жолдыкаирова өмірден өткен ардагерлерді еске алу кештерін ұйымдастыру мен ескерткіш орнату туралы тілектерін білдірді. Б.Молдагалиев, К.Тастаев бүгінгі қарашаңырақтың ахуалына ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта одан әрі даму керектігін айта отырып, басшылыққа ыстық ықыластарын жаудырды. Осыған дейін Ардагерлер кеңесінің төрағасы болған 95 ке қарай жол салған Қ.Ж.Сүйіншәлиев өзінің денсаулық жағдайына байланысты қызметтен кеткісі келетіндігін жеткізді. Осы орайда кеңес мүшелері бірауыздан М.С. Хусаиновты тағайындады. Шара соңында Қалам Жұмашұлына алғыс хат пен гүл шоқтары табыс етілсе, қалған ардагер ұстаздарға университет атынан шағын сый ұсынылды.

 

IMG 2764 mini

IMG 2768 mini

IMG 2771 mini

 IMG 2825 mini

IMG 2854 mini

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua