«Президенттік сайлау - жаһандық тарихи кезеңдегі жауапты қадам» атты дөңгелек үстел өтті

2019 жылдың 22 сәуір күні М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да «Президенттік сайлау - жаһандық тарихи кезеңдегі жауапты қадам» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына университеттің профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар, студенттер қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысын М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар бойынша проректоры Ахмеденов Қажымұрат Мақсотұлы ашты.
Дүниежүзі тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Муxлисова Заxот Көшкінбайқызы «Қазақстандағы билік ауысуының салмағы», дүниежүзі тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты Науанова Курманай Мәдиқызы «Кезектен тыс президенттік сайлау: себептері мен тетіктері», дүниежүзі тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты Добряев Павел Анатольевич «Қазақстан Республикасы Президентін сайлау: жаһандану кезеңіндегі демократиялық қадам», Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, «Рухани жаңғыру» институтының ғылыми қызметкері Шайхиев Тұрар Төлегенұлы
«Елдің қоғамдық-саяси даму жағдаятындағы Қазақстан Республикасының Президентін сайлау» тақырыптарында баяндамалар жасады.
Осы жылдың ең басты саяси оқиғасы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдағаны болатын. Қазақстан халқы үшін бұл күтпеген саяси шешім болды. Н.Ә. Назарбаев жаңа Қазақ мемлекетін құрушы ретінде тарихта қалатыны сөзсіз. Ұлы саяси қайраткер Қазақ мемлекетінің либералды демократиялық саяси жүйесі мен бәсекеге қабілетті нарықтық экономикасының негізін қалады. Қазақ елін әлемдегі ең шапшаң қарқынмен дамушы елдер қатарына қосты.
Сонымен қатар, әлемнің геосаяси дамуы жаңа бетбұрыстар жасады. Жаңа саяси мүдделер мен құндылықтар алдыңғы шепке шықты. Соңғы жылдар, әлемде саяси қайраткерлердің жаңа толқыны өсіп шықты. Қазақстан әлемнің ажырамас бөлігі ретінде әрі өзінің геосаяси орналасуына байланысты жаһандану үрдісінен тысқары қала алмайды. Сол себепті, Қазақстанда да, билік басына саяси қайраткерлердің жаңа толқынының келуі қажеттілігін Елбасы аса зор саяси көрегендікпен, дәл уақытында сезіне білді.
Қазақстанның тәуелсіз дамуы жылдары Елбасы, егеменді елдің еркін саяси элитасының тұтас шоғырын тәрбиелеп шығарды. Оларды осы сәтке дайындап, тәрбиеледі. Ендігі кезде, Н.Ә. Назарбаев халық көсемі әрі дана саяси абыз биігінде, өзі тәрбиелеген мемлекетшіл саяси қайраткерлердің ел үшін жасап жатқан істерін Елбасы және Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы әрі «Нұр Отан» саяси партиясының лидері ретінде бақылап, бағыштап отыратын болады.
Сол себепті, қазақ халқына өз болашақтарына алаңдауына ешқандай негіз жоқ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінен қол үзген жоқ. Еліміздің саяси жүйесі дамудың жаңа сапалы биігіне көтерілді, саяси құрылымның жаңа форматы өмірге келді.
Қазіргі кезеңде Қазақстан тәуелсіз және демократиялық мемлекет ретінде орнықты. Елде қазақстандық бірегейлік пен бірліктің барлық қажетті саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани негіздері қаланды. Дөңгелек үстелдің қорытынды ұйғарымында М. Өтемісов атындағы БҚМУ профессор – оқытушылар құрамы мен студенттерінің 9 маусымда өтетін Қазақтан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын толық қолдайтыны және белсенді қатысатындығы туралы қорытынды жасалды. 

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua