Жұмысқа қайда, жас түлек?

IMG 6752 mini Бітіруші түлектер үшін ең қызықты айларының бірі, әрине, сәуір. Дәстүр бойынша, осы уақытта болашақ мамандар өздерінің жұмыс орындарына таратылады.
17 сәуір күні түлектерді тарату жұмысы біздің университетімізде де өтті. Аталмыш шараға БҚО білім басқармасының, Орал қалалық білім беру бөлімінің, аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары ғана емес, көршілес Атырау облысының Білім беру басқармасының, Атырау қалалық білім беру бөлімінің, Жылыой аудандық білім беру бөлімінің басшылары да қатысты. Аталмыш шараға «Білім» дайындық бағыты бойынша 682 студент қатысты, оның ішінде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» «Серпін» әлеуметтік бағдарламасы бойынша -138, мемлекеттік білім тапсырысы бойынша – 84, «Ауылдық квота» бойынша - 27, ақылы негізде – 433. «Өнер» дайындық бағыты бойынша - 51 студент қатысты, оның ішінде грант – 14, ақылы – 37. «Қызмет көрсету» дайындық бағыты бойынша – 21 студент қатысты, оның ішінде грант – 5, ақылы – 16 студент.
Бірнеше сағатқа созылған шарадан соң, нақты мәліметтер белгілі болды. Ендеше сандар сөйлесін: «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» «Серпін» бағдарламасымен білім алып жатқан 136 студент – 98,5%, мемлекеттік грант негізінде оқитын 103 студент – 100%, «ауылдық квота» бойынша бітіріп жатқан 27 студент – 100% жұмыспен қамтылды. Ал ақылы негізде білім алып жатқан 486 студенттің 431-іне, яғни 88,7 %-ына қызмет ұсынылды. Қалған 56 студентке еркін таңдау құқығы берілді.

 

IMG 6722 mini

IMG 6736 miniIMG 6745 mini

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua