Елеулі жетістік

                                                                                                           Елеулі жетістік

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай арнайы «Мен жастарға сенемін!» атты республикалық жастар форумы өтті. 2013 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан форумға биыл 1500-ден астам өтініш түсіп, ұйымдастырушылар алқасы 620-дан астам үздік жұмысты таңдап алған. Осы форумда М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттері де биік тұғырдан көрініп, ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтар болсақ, филология факультетінің 2-курс студенттері Нұртілеу Қадырқұлов «Поэзия» жанры бойынша жеңімпаз атанып, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 1 жыл тегін оқу грантын жеңіп алса, «Өркен» газетінің тілшісі Гүлбибі Бақытбаева «Эссе» жанры бойынша «Алматы ақшамы» газеті тағайындаған «Нұрлы ой» номинациясының иегері атанды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, шалқар шабыт тілейміз!

елеулі жетістік гүлбибі нұртілеу 18

елеулі жетістік гүлбибі нұртілеу 8

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua