ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша департаменті облысымыздаң ЖОО түлектері үшін «ЖАҢА ТАЛАП» мемлекеттік қызмет мектебінің жобасы іске қосылғанын жариялайды!

Құрметті СТУДЕНТТЕР!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту, кадр қорын қалыптастыру мақсатында облысымыздаың ЖОО түлектері үшін «ЖАҢА ТАЛАП» мемлекеттік қызмет мектебінің жобасы іске қосылғанын жариялайды!

Мемлекеттік қызмет мектебі жас көшбасшыларға оқыту, мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өту арқылы мемлекеттік қызметтің іс жүзіндегі дағдыларын үйренуге мүмкіндік береді.

Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 16 қыркүйегіне дейін БҚО, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 201, 3-қабат, 306 бөлмеде қабылданады, байланыс телефондары 50-94-46, 50-92-82.

Мектеп тыңдаушылары конкурстық іріктеу арқылы анықталады (эссе, әңгімелесу).

Мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өтіп, білімің мен біліктілігіңді тәжірибеде жетілдірудің мүмкіндігін жіберіп алма!

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua