«Тіл – халық қазынасы, рухани күретамыр»
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 2018 жылдың 5 қыркүйегінде «Тіл – халық қазынасы, рухани күретамыр» атты Қазақстан халықтары тілдері күні мерекесіне арналған онкүндіктің аясында «Жаңартылған білім мазмұнындағы ұлттық білім беру мәселелері мен әлемдік тәжірибелер» тақырыбында шеберлік класы оздырылды.
Шеберлік кластың қонағы Халықаралық білім орталығының бас директоры Ғани Бектайұлы Бисенбаев.Шеберлік класқа филология, педагогика факультетінің 4-курс студенттері және оқытушылары қатынасты. Шеберлік класс барысында тәжірибе алмасулар, тренигтер ұйымдастырылып, жаңартылған білім мазмұны туралы студенттер көптеген ақпараттар алды.