Республиканский форум

forumkar2013 жылы 22 қыркүйек күні Қарағанды қаласында өткен "Тіл – татулық тірегі" атты республикалық форумды ұйымдастыруда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өңірдегі түрлі этностардың өз ана тілдерін дамытуына қолдау көрсету, олардың

мемлекеттік тілді білуге деген қызығушылығы мен құрметін арттыруға, ортақ Отаны – Қазақстанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу және қазақстандық патриотизмнің қалыптасуына ықпал ету мақсаты алға қойылды.

            Аталған форумға респуб­ли­каның барлық облыс­тарынан жиналған жастар деле­гациясы, Астана, Қарағанды, Қызыл­орда, Алма­ты, сонымен қатар елдің Сол­түстік, Оңтүстік, Шы­­ғыс және Батыс Қазақстан об­лыс­тарынан келген делегаттар, Қазақстан Республикасының қоғам қай­­­­­­­­­­­­­рат­керлері, зиялы қауым өкіл­­­­­­дері және қоғамдық жастар ұй­ым­­дары қа­тыс­ты.

            Форумның салтанытты ашылуы ҚР МАМ Тіл комитеті төрағасының орынбасары, филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Құрманбайұлының құттықтау сөзімен басталды.

Форум жұмысында қа­зақ тілінің бұдан әрі дамуы­ның өзекті мәселелері тал­қы­ланып, Қазақстан жаста­рын отансүйгіштікке, мемле­кет­тік тіл­ге құрметпен қарау­ға тәр­биелеу бойынша ұсыным бе­рілді.

            Форумың ресми бөлігі марапаттаумен және кон­церттік бағдарламамен жал­ғасты.

Аталмыш шараға мемлекеттік тілді еркін меңгерген М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттері, «Достық» студенттік клубының белсенді мүшелері Девяткина Виктория мен Ферапонтова Оксана қатысып, Девяткина Виктория Алғыс Хатпен марапатталды.

forumkar1Любовь к государственному языку объединила в Караганде многонациональную молодежь со всего Казахстана.

Главной целью данного форума является расширение сферы применения государственного языка и оказания помощи развития родного языка разным этносам региона, привлечения их интереса к изучению и повышению престижа государственного языка и формирования казахстанского патриотизма.

На форум была собрана делегация со всех областей нашей страны.

           Официальная часть форума была продолжена вручением благодарственных писем и концертной программой. 

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua