Олимпиададан олжалы оралдым

himiya1 1Міне, 3  жыл көлемінде мен «5В011200 Химия» мамандығы бойынша пәндік олимпиаданың қатысушысы болдым. Олимпиада бұл студенттік және оған білім беріп жатырған ұстаздарының еңбегінің бір көрінісі. Жарыс кезінде бағымда бабымда қатар шапқан болуы керек осы жолы жекелей есепте жүлделі 1 орынға ие болдым. 

Сәуір айының 23-24-і күндері Қазақ Мемлекеттік қыздар университетінің базасында «5В011200 Химия» мамандығы бойынша VI республикалық пәндік олимпиада оздырылды. Болашақ химия пәнінің мұғалімі болатын студенттер арасында сыңға түсу өте қиынның қиыны. Барлығы өз университетің химиядан алдарына жан салмайтын студенттер. himiya1 2 Олимпиада екі кезең бойынша өтті, яғни бірінші тур теориялық- бұнда күрделі деңгейдегі есептерді шешу болса, ал екінші тур эксперименталды. Бірінші тур күрделі деңгейдегі есептерді шешкеннен кейін, алғашқы ондықтың құрамында болмадым, алайда екінші тур эксперименталды кезеңде  суырылып алға шықтым. Өйткені менің берген жауабын екінші тур бойынша ең жоғары бағаға ие болдым. Марапаттау рәсіміне дейін өзімнің жоғары балл жинағандығым туралы бейхабар болдым. Жекелей есепте жүлделі бірінші орында менің есімім айтылған кезде қуанышымда шек болмады. 

Болашақта барлық студенттер  республикалық және халықаралық олимпиадалар мен жарыстарда бақтарын сынап, университетіміздің намысын әрдайым биікте ұстаса екен. himiya1 3Химиядан есептердің барлығын шешу көптің қолынан келе бермейді, тіптен химияны түсінбейтін адамдарда бар. Алайда сол мамандықта оқып жатырғасын болашақ өз ісінің маманы болуы үшін осындай олимпиадалар мен додаларға қатысып тұрған абзал. Себебі өз біліміңізді республика көлемінде көрсету арқылы өз – өзіңізге деген сенім пайда болады және сол сенім сіздерді алға жетелейді.  

 

 

Айбар Мурзабеков 

Химия мамандығының 4 курс студенті

 

 

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua