«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның өкілдерімен кездесу

IMG 5567 mini

 05.02.2019 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің акт залында 3-4 курс студенттерінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның өкілімен кездесуі ұйымдастырылды. Кездесудің басты мақсаты – университет бітіруші түлектерге «Болашақ» стипендиясы, Үкіметаралық гранттар және шетелдік серіктес ЖОО атынан берілетін гранттар туралы жан-жақты толық мәлімет беру, түсіндіру, аталған бағдарламаларды кеңінен насихаттау болып табылады. Кездесуге университетіміздің барлық факультеттерінің 3-4 курс студенттері, профессор-оқытушылар құрамы, құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері қатысты. Шараға Астана қаласындағы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру департаментінің менеджері Токпаева Гүлмира Ерболатқызы арнайы қатысты. Кездесуде сөз алған Токпаева Гүлмира студенттерге «Болашақ» стипендиясы, Үкіметаралық гранттар және шетелдік серіктес ЖОО атынан берілетін гранттар туралы жан-жақты толық мағлұмат беріп өтті. Кездесу барысында түлектер аталған бағдарламалар төңірегінде өз сұрақтарын қойып, оларға жауаптар алды. Кездесу пікірталас түрінде өтті.

IMG 5548 mini

IMG 5554 mini

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua