"СерпінLife" қатысушылары қойылымдар әлемінде

"СерпінLife" жобасының кезекті төртінші сайысы Орал қаласының Қазақ драма театрында өтті. 

Қоғамды жаңартуда театрдың атқарар рөлі зор. Театр - қоғамның ұстазы, ақылшысы, жақсылыққа жол бастаушы. Осы тұрғыдан келгенде, қазақ театрларының қазіргі өмірімізге жасар ықпалы өте зор. "СерпінLife" жобасының кезекті күнін қойылымға арнау себебіміз - әр студент атауының бойына тек спорт қана емес, сонымен қатар, рухани дүние қажет деп ойлаймыз.

"СЕРПІНLIFE" ҮШІНШІ КҮН

"СерпінLife" жобасының кезекті үшінші күні басқа сайысты күннен ерекшеленіп өтті. Себебі бұл күнде белгіленген сайыс - жатақханада өткен "Көңілді ас мәзірі" деп аталды. Бұл күн қатысушыларымыз таңғы 6:00-де ұйқыдан оянған сәтте - ақ белгіленген ас мәзіріне кірісе кетті. Ойынның бастапқы шарты - ас мәзіріне қажетті заттарды әр қабаттан іздеп табу. Барлық қажетті заттар дайын болғаннан кейін барып, асханаға кіріп өз істеріне кірісті. Сайыс уақытпен өлшенді. Мәзірді ең бірінші болып - "Мадагаскар" тобы аяқтады.

Көшбасшылар семинары

«Discovery – Бурабай» сауықтыру лагерінде (Щучинск қ.) 25-26 қазан  күндері өтетін «Мәңгілік ел жастары индустрияға!» - «Серпін 2050» әлеуметтік жобасын дамыту бойынша жасалған Жоспарға сәйкес студент жастардың бәсекеге қабілетті кәсіби білім алуларына, кәсіби құзырлығының, білімдерін өмірлік жағдайларда қолдану аясында дамытуына, қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларын қалыптастыру және тәрбие жұмысын нығайту мақсатында Республикалық көшбасшылар семинарға университеттің  "Серпін 2050" бағдарламасы бойынша білім алушы студенттерінің бас сардары Өнербаев Ардақпен бас сардардың орынбасары Оразов Терміржан қатысатын болады.

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ "СЕРПІНLIFE" БІРІНШІ КҮН

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ

"СЕРПІНLIFE" БІРІНШІ КҮН

СТЕЛЛА АЛАҢЫ

ЕҢ ҮЗДІК ЕҢ ТАҢДАУЛЫ 

25 ҚАТЫСУШЫ

25 ШАРА

"СерпінLife" күнтізбесінде белгіленген алғашқы күніміз өз мәресіне жетті. Осы атаулы күн қарсаңында ауқымы кең талай ойындар ұйымдастырылды. Сондай - ақ, ол ойында "Сиқырлы қорапша" атты ойын. Бұл ойынның мақсаты тез ойлауға бейімдеу. Топтың ұйымшылдығын, бірлігін арттыратын ойын атауы - "Жабыстырғышпен жүгіру" деп аталады. "Көңілді сэлфи" аты айтып тұрғанындай бұл ойынның басты мақсаты қатысушылардың көңілін көтеру болып табылды.

"СерпінLife" жобасы бастау алды

Көптен күткен "СерпінLife" жобасына арналған кастинг те өз мәресіне жетті. 

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті - Серпін жастарының ұйымдастыруымен қазан айының 7-10 күндері аралығында өткен кастингте қатысушылар арасынан "менмін" деген 25 студент іріктеліп алынды.

Сенбілік демалыс

Серпіндіктердің сенбілік демалысы өте керемет деңгейде өтті деп айтуға болады. Жаңа маусым, жаңа оқу жылының келуімен қатар, жан - жақты ресми және маңызды іс - шараларға толы болды. Кешегі өткен ерекше демалысымызда жаңа серпіндіктердің, жаңа леппен келіп отырғанын байқап отырмыз. 8-ші қазан күні БҚМУ - Серпіндіктердің ұйымдастыруы бойынша, жаңа серпіндіктердің сенбілік күні студенттердің демалыс орны - "Агробиостанцияда" өтті.

Сенбілік күн ерекше көңіл - күймен аталып өтті

Кешегі өткен күнде жатақхана арасында, 2-3 курс студенттері "Qwest" ойынын өте керемет деңгейде ұйымдастыра білді. Бұл ойында әр қабаттың басшылары да ат салысты. Ойынның қызықты өтуі де осы басшылардың ұйымдастырының арқасы деп білеміз. Ойын басында ойыншылар 4 топқа бөлінді. Ойынның І кезеңінде ойыншыларға математикалық есеп берілді. Ол есепті ойыншылар, яғни қатысып отырған 4 топта жылдам әрі дұрыс шығара білді.

Сайлау

"Төбесіз жер болмайды, төресіз ел болмайды",-демекші бүгінгі ерекше аталып өткен күнде серпіндіктердің көшбасшысы яғни бас сардарын сайлау болып өтті. Бұл сайлауға қатысқан əрбір студенттер сайлауға қатысып отырған 2 үміткердің арасынан өз таңдауын жасап, білікті басшыға өз дауыстарын берді. Бүгінгі сайлау жоғарғы деңгейде өтті. Серпіліспен келген серпін жастары бүгін керемет белсенділік танытып, сайлаудың өз дəрежесінде өтуіне атсалысты.

Қыздарға серпін берген дәріс

Қыркүйек айының 23 күні  оқу орнымызда белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері Ақұштап Бақтыгереева студенттерімізге арнап дәріс өткізді. Ақын тағылымды да өнегелі мол мұрасын студент жастарға насихаттау, жастардың назарын қазақ поэзиясына аудару, ақын шығармалары арқылы адам құндылықтар мен адамгершілік қағидаларын студенттер бойына сіңіру мақсатында өткен дәрісте ақынның "Анаға","Ақ Жайыққа" арнап жазылған өлеңдері оқылып, бойжеткендермен сырласып, ақын шығармашылығының сан қыры сөз болды.

More Articles...

  1. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте
  2. Тіл мерекесі
  3. І курс «Серпіндік» студенттерімен кездесу
  4. Қала күні
  5. Қала күніне дайындық сәтінен үзінді
  6. Білім күні
  7. Танылымдық кеш
  8. Батыстың мақтаныштарымен жүздесу
  9. Сенбі күнгі СЕНБІЛІК
  10. Қош келдің Серпін жастары!
  11. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» - «Серпін 2050» әлеуметтік жобасы аясында білім алушы студенттер, университет ректорының алғыс хатымен марапатталды
  12. «Аламан 2016» фестивалі
  13. Жексенбілік демалыс
  14. Өнерлінің өрісі кең
  15. Серпін жастарымен кездесу
  16. Шынықсаң, шымыр боласың!
  17. Units do not exist
  18. «Serpіn» program students were interviewed for «Күншуақ» TV program
  19. March 21, students celebrated the holiday Nauryz
  20. Forum «Bіzdің қuatymyz bіrlіkte» with the participation of the Republic of Kazakhstan President Nursultan Nazarbayev
  21. «Zhalyndy sardar»festival «Alaman 2016 "»
  22. The action « Menin taңdauym, Menin bolashaғym»
  23. «Mamandyғym - maқtanyshym» «Alaman - 2016» festival
  24. «Serpіn asқaқ ұranym» festival «Alaman 2016»
  25. «Menin maқtan tұtar mekenderіm» festival «Alaman 2016»
  26. «Shynyқsaң shymyr bolarsyң» festival «Alaman - 2016»
  27. Студентам, обучающимся по программе «Мәңгілік ел жастары индустрияға» «Серпін 2050», выделен новый офис
  28. ''Serpin 2050'' held a seminar on the active participation of students who are studying the project.
  29. Seminar: «Serpin - Start – Up»
  30. ''Mangilik ate zhastary industriyaғa'' ''Serpіn 2050'' zhobasynyң Bilim Alush studentterіne arnayy ''Kұnanbay'' filmі kөrsetіldі
  31. "Memlekettik қyzmet - abyroyly mіndet" taқyrybynda oblysymyzdaғy zhas Memlekettik қyzmetkerlermen studentterdің kezdesuі өttі
  32. Students enrolled in the program ''Mangilik ate zhastary - industriyaғa'' ''Serpіn - 2050'' West Kazakhstan State University. M. Utemisovaaktivno spent winter holidays
  33. January 30 sports club ''Namys'' West Kazakhstan region in honor of the 25th anniversary of Independence of Kazakhstan regional ski competitions were organized .
  34. Ректорский бал
  35. December 26 , mayor of the city of Altai Kulginov lit main tree city
  36. The eternal youth of the country - industry
  37. Bolashak
  38. Alaman 2015
  39. Zhalyn
  40. Team Zhalyn took the lead in this competition
  41. 25 OCTOBER WAS UNIVERSITY FESTIVAL "Alaman-2015"
  42. Serpіn
  43. Cup boost
  44. Dedication to Students
  45. The future direction of momentum
  46. 12-13 OCTOBER University hosted "Dedication to students"
  47. IN OCTOBER, Department of History, Economics and the right to organize debate tournament
  48. October 10 the participants of the student construction team competitions on mini-football
  49. Student Day
  50. Regional Festival «Alaman»
  51. Конкус для обучающихся по программе Серпін -2050
  52. City action "Youth for a prosperous Kazakhstan"
  53. Public Forum «The name of solidarity»
  54. Students meeting with the war veteran knight of the Order Parasat
  55. The grant can be purchased from a particular student in the creative şıñdalw casting
  56. №1,2 WKSU dormitory for students of the guitar PARTY organized
  57. Dynamics 2050 meeting with the participants of the project
  58. The seminar-training a bright future without drugs
  59. Elections chief Sardar enrolled in the program Serpіn
  60. "BEST social network users" online contest
  61. Students on the program Serpіn-2050 was shown the film The Road Home
  62. Excursion in the regional history museum
  63. The event for the City Day
  64. September 1 in the name of M. Utemisov ZKGU hosted an event dedicated to the Day of Knowledge
  65. August 29 held cultural events Serpіn - Towards a bright future
  66. Meeting with students to come to study under the program Serpіn
  67. Meetings with students enrolled in the program WKSU Serpіn-2050

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla