Сенбілік күн ерекше көңіл - күймен аталып өтті

Кешегі өткен күнде жатақхана арасында, 2-3 курс студенттері "Qwest" ойынын өте керемет деңгейде ұйымдастыра білді. Бұл ойында әр қабаттың басшылары да ат салысты. Ойынның қызықты өтуі де осы басшылардың ұйымдастырының арқасы деп білеміз. Ойын басында ойыншылар 4 топқа бөлінді. Ойынның І кезеңінде ойыншыларға математикалық есеп берілді. Ол есепті ойыншылар, яғни қатысып отырған 4 топта жылдам әрі дұрыс шығара білді.

Ал ІІ кезеңде әр топ, әр қабатқа тарап, сол қабаттың тапсырмаларын орындады. Тапсырмада түрлі сұрақтар қойылды. Бұл сұрақтарға дұрыс жауап берген ойыншыларға құпия сөз айтылды. Нәтижесінде бұл ойында тапсырмаларды тыңғылықты әрі жылдам ойнай білген І топ ойыншылары оза шапты.

10 10 10 11 10 12

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla