1 December is one day of President

2012 жылдың 29 қараша күні М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің акт залында Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы және М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күніне арналған «Елбасы Н.Ә. Назарбаев және жаңа әлемдегі Қазақстан» атты ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырды. Конференцияның ашылуында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, тарих ғылымдарының докторы Әсет Сембайұлы Тасмағамбетов және Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Серік Кенжебекұлы Сүлеймен құттықтау сөз сөйледі.
Конференция жұмысы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, тарих ғылымдарының докторы Тасмағамбетов Әсет Сембайұлының «Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы және республикадағы білім жүйесінің дамуы» тақырыбындағы баяндамасымен жалғасты. Соным қатар, конференцияда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті академиялық мәселелер департаментінің директоры, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Қайсағалиева Гүлжихан Смаилқызының «Модернизация деятельности вуза и индустриально-инновационное развитие региона», Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Байболсынова   Әлфия Сабырғалиқызының «Елбасы және интеграциялық мәселелер», Дүниежүзілі  тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының  меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Сүлейменова Гүлнар Бахиқызының «Роль Н. Назарбаева в развитии теории Еразийства» және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ІV курс студенті Мергенева Динараның «Н.А. Назарбаев: стратег, дипломат, политический деятель» тақырыбындағы баяндамалары тыңдалды.

Ғылым және коммерцияландыру департаменті

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua