Республикалық ақпараттық – насихаттық топ мүшелерімен дін тақырыбындағы кездесу

Қыркүйек айының 25 жұлдызында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің акт залында «Біз – жастар сектаға қарсымыз» атты кездесу кеші өтті. Бұл шараға исламтанушы, Алматы орталық мешітінің наиб имамы Әміре Ерсін, ҚР Дін істері агенттігінің бас сарапшысы Шоқаев Еркенбек Керімбекұлы, ҚМДБ БҚО бойынша өкіл имамы Әлиұлы Бауыржан, «Нұр Мүбарак» Ислам мәдениеті университеті проректорының көмекшісі Рахымжан Әкімбеков және БАҚ өкілдері, университет басшылығы мен оқытушылары, студенттер қатысты.

Рахымжан Әкімбеков баяндамасын мейлінше қызықты әрі толыққанды етіп жеткізуге тырысты. Дін тарихы мен дін тармақтарын саралай келіп, бүгінгі таңда көп айтылып жүрген теріс діни ағымдардың іс-қыймылы туралы ақпарат берді. Кез-келген күшпен күресудің қаруы тек қана білім екендігін тағы да айта келіп, өз сөзін адал, әділ азамат болып, ел қамын ойлауға шақырды.

Сонымен қатар, Еркенбек Керімбекұлының баяндауындағы дәстүрлі емес діни ағымдар туралы толық мәліметінен, Әміре Ерсіннің салафизмнің зияны мен залалы тақырыбындағы баяндамасынан кездесуге қатысушылар мол тәжірибе алды.

Кеш барысында университеттің оқытушысы И.Каимова сөз сөйлеп, дәл осындай шаралардың қазіргі таңда қажет екендігің және болашақта ақпараттық-насихаттық топтың құрамына белгілі педагог ғалымдарды, саясаттанушылар мен мәдениет, қоғам қайраткерлерін қосу туралы өз ұсынысын жолдады.

Студент жастар өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, мамандардың тарапынан қанағаттанарлық жауаптарын алды.
Аталған кездесу кеші облыстық «Қазақстан -Орал» телеарнасына жазылып алынды.

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua