"From wandering religious to literacy" evening of cognizableness on a theme

2012 жылдың 19 қазан күні педагогика факультетінде «Адасушылықтан діни сауаттылыққа» - атты танымдық кеш өтті. Кешке педагогика факультетінің деканаты және "Педагогика және психология",  "Әлеуметтік және өзін - өзі тану" мамандықтарының студенттері қатысты.

Шарада студенттік декан Н.Қуанғали, "Педагогика және психология" мамандығының 1 студенті А.Узақбаева қазіргі кезде діни экстремистік ұйымдардың көбейгендігін, олардан жастарды сақтандыру шараларын үздіксіз жүргізу қажеттігін өз баяндамаларында нақтылап берді.

Сонымен қатар, олар экстремизм, терроризм терминдерінің мағынасын ашып, радикалды саяси ілімдер, саяси ұғымдартуралы замандастарына түсініктер берді. «Адамның өмірі адам үшін ең қымбатты қазына болып саналады, осы қымбат қазынадан айыруға ешкімнің құқығы жоқ!» деген пікірлерімен баяндамаларын қорытындылады.
Аталған тақырыпқа байланысты өз пікірлерін айтты. «Әлеуметтік және өзін - өзі тану» мамандығының 1 курс студенттері А.Бірлесова,            П.Аққұлова сөз алып, бүгінгі таңда қазақ жігіттері мен қызтарының қара жамылып, шығыс кейпінде киініп жүргендерін ұлтымызға жат әрекет екендігін айтып, ата-ананы құрметтеуге, олардың ақсүтін ақтауға замандастарын шақырды.

Кеш соңын педагогика факультеті деканының орынбасары Қ.Р.Кажимова «Дін адам баласын имандылыққа үйретеді. Қазіргі таңда теріс ағымдар да баршылық, осы теріс ағымнан жанымызды аулақ ұстап, көңілімізді тек оқуға, тәрбиеге, ғылымға бет бұруға шақырамын. Егерде бәріміз білімді, тәрбиелі болсақ, ешкім де ешнәрсе бізді алдауына түсіре алмайды деп ойлаймын. Біз адам баласы бір – бірімізге тек жақсылық ойлауымыз керек. Сондықтан жандарымыз жақсылыққа жақын, жан дүниеміз таза болсын» деген ойымен кешті қорытындылады.

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua