THOMSON REUTERS» company seminar educating

Қазан айының 22-жұлдызы күні университеттің мәжіліс залында «Ғылыми–техникалық ақпарат Ұлттық орталығының» АҚ ақпараттық қолдауымен «THOMSON REUTERS» компаниясының Импакт-факторлы журналдарда мақалаларды жариялау туралы туралы оқыту семинары болып өтті. Оқыту семинарын клиенттерді қолдау және оқыту маманы, х.ғ.к. Сергей Парамонов жүргізді.
Оқыту семинарына ғылыми кітапхана ұжымы, БҚМУ ғалымдары, факультет декандары, кафедра меңгерушілері мен оқытушылары, бөлім қызметкерлері қатысты. Семинар тақырыбы екі бөлімнен тұрды:
1. - Journal Citation Report 2011 – импакт-факторлы журналдарда өз мақалаларының стратегиясын құру:
-Web of Knowledge платформасы – жаңашылдық таныту, зерттеулер жүргізу.
2. - EndNote Web бағдарламасы– өз жұмысын библиография саласымен ұштастыру:
- Инструмент ResearcherID – өз жетістіктерін жариялау және айту.

Бүгінде оқыту семинарында мерзімді басылымға мақала жариялау үшін Journal Citation Reports платформасын қолдану туралы, соңғы ғылыми зерттеулердің бағыттарын айқындау үшін Web of Knowledge платформасын қолдану аясы туралы, Импакт-факторлы журналдарда мақалаларды жариялау және іздеу, сұрыптау т.б. мәселерді айқындады. Thomson Reuters компаниясының мәліметтер базасы презентациясын жүргізді, журналға қалай ғылыми мақалаларды беру туралы ақпаратпен таныстырды. JournalCitationReports мақалаларды іздеу, ғылыми журналдарды іздеуді жазу және нәтижесін экспорттау туралы мәліметті ұсынды. Сондай-ақ импакт-факторлы журналдарда өз мақалаларын топтастыру, Импакт-факторды өзінше түсіндіру және қалай қолдану туралы ақпаратты кеңінен ұсынды. Теориясы мен практикасын баяндап берді. EndNoteWeb бағдарламасы арқылы жарияланатын мақаланы дайындап, библиографиялық тізім жасауды, автор бойынша мақалаларды қарау статистикасын алу және ResearcherID ғалымының визит карточкасын дайындау туралы ақпараттарды жеткізді.
Г.С.Умарова, Л.И.Мергалиева, А.С.Кыдыршаев т.б. көптеген БҚМУ ғалымдарының ғылыми ізденулеріне септігін тигізген оқыту семинарына жазылып, толық ақпаратты мына электронды адрес арқылы алуға болады http://wokinfo.com/russian/training/.
«THOMSON REUTERS» платформасы туралы және ресурстарының кеңейтілген мүмкіндіктері туралы базаға тіркеле отырып, Web of Knowledge, Web of Science және ResearcherID, EndNote Web, Journal Citation Reports атты төрт сессияға қатысуға болады.
Thomson Reuters компаниясының мәліметтер базасымен танысу және іс-тәжірибелік жұмыстары ғылыми кітапхана іс-қызметінде жалғасын табады.

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua