Аңыздың ақыры

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
2019 жылы 01-қарашада «Бір ел – бір кітап» акциясында таңдалған
Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романына арналған «Абыз
қаламгер» атты университетішілік оқырмандар байқауын өткізеді.
Байқау жалпы оқырмандар қауымына арналады. Студенттер арасында
оқырмандық мәдениетті дамыту, сөз зергері Әбіш Кекілбаевтың
шығармашылық мұрасын насихаттау, ұлттық құндылықтарды,
мемлекеттік тілді дәріптеуге арналады.
«READx» форматында «Бір ел – бір кітап» акциясында таңдалған Әбіш
Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романына арналған «Абыз
қаламгер» атты университетішілік оқырмандар байқауының
өткізілу қағидаттары.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әбіш Кекілбаевтің «А ңыздың ақыры» романына арналған
«Абыз қаламгер» атты университетішілік оқырмандар байқауы READx»
форматында «Бір ел – бір кітап» акциясының аясында іс-шаралар өткізу
мақсатында әзірленді.
2.Байқаудың өткізудің мақсаттары:
1) тіл мәдениетін көтеру;
2) көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру;
3) талантты жастарды табу.
4) Ә.Кекілбаевтің шығармашылығын студент жастарға насихаттау
3. Байқау мемлекеттік тілде өткізіледі.
4. Байқау үш кезеңнен тұрады.
1) Бірінші кезең – «Аңыздың ақыры» романы негізінде тест сұрақтары
2) Екінші кезең – «Мен оқыған «Аңыздың ақыры»: түйгенім, болжам,
ұсыныс» атты эссе (200-250 сөзден кем болмауы керек).
3) Үшінші кезең – «Аңыздың ақыры» романынан жатқа, мәнерлеп
үзінді оқу (жүз сөзден кем болмауы керек)
2. Конкурсты өткізудің тәртібі
1. М. Өтемісов атындағы БҚМУ- дың филология факультеті байқаудың
ұйымдастырушысы болып табылады.
2. Байқауды өткізу туралы хабарландыру университеттің ресми
сайтында орналастырылады.
3.Байқау шарттары:
1) Мәтінді оқу уақыты бес минуттан аспауы керек;
2) Эссе 1 беттен кем болмау тиіс;
3. Қорытынды ережелер
1. Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен
жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының
құрамы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың профессор оқытушылар
құрамынан кемінде үш адамнан тұрады. Қазылар алқасының құрамы
төрағадан және оның мүшелерінен тұрады. Байқаудың жеңімпаздары мен
жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша
анықталады. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда
төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
2. Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде төмендегі
талаптарды ескереді:
1) Білім деңгейі
2) Ой өрісінің кеңдігі, жазу шеберлігі.
3) Көркем мәтінді жатқа, мәнермен оқуы.
3. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен,
алғыс хаттармен марапатталады.
4. Байқаудың жеңімпаздары туралы ақпарат байқау біткеннен кейін
университеттің ресми сайтында орналастырылады.
Мекен-жай: Орал қаласы, Н.Назарбаев 162, М.Өтемісов атындағы
БҚМУ
Барлық сұрақтар бойынша: 87752363682 (Айдарбек Ахметұлы),
877565 02363 (Азамат Бақиев)

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua