G-Global is supports students of WKSU Global communicative area

iG-Global - бұл заманауи жаһандық үндеулер жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін әлемдік қауымдастықты біріктіруге арналған көпқырлы платформа. Осыған байланысты 2013 жылдың 24 қыркүйегі күні Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «G-Global  жаһандық диалогтың жаңа пішімі» тақырыбында G-Global  коммуникативті алаңын қолдау мақсатында облыс белсенділерінің қатысуымен жиналыс өтті.

Жиынға қатысушылардың басым көпшілігін аймақтың студент-жастары құрады, соның ішінде жаратылыстану-география факультетінің 2-3 курс студенттері. Бұл жиынға сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев пен Қазақстан Республикасы Парламент сенатының депутаты Серік Нөгербекұлы Нөгербеков қатысқан болатын.  «G-Global-дың мақсаты елбасының жаһандық бастамаларын насихаттау, G-Global алаңы дағдарыстан шығуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар,  Ғаламдық, бүкіләлемдік проблемаларды  G-Global алаңында іске асырып жатыр.»-деген болатын Қазақстан Республикасы парламент сенатының депутаты Серік Нөгербекұлы. Бұл жиналыста басқа да баяндамашылар өз ойларын білдіріп, ұсыныстар айтып өтті. Ол ұсыныстар VII Астана экономикалық форумында ескерілетініне Серік Нөгербекұлы өз уәдесін берді.

Жаратылыстану-география факультеті

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua