Ұлы Отан соғысына қатысқан Орал өңірінің мерген қазақ қыздары

15 сәуір күні  Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысына қатысқан Орал өңірінің мерген қазақ қыздары» атты студенттердің он-лайн конференциясы өткізілді.

Еліміздегі қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты  zoom  бағдарламасы арқылы  қашықтықтан өткізілген конференцияға Тарих және экономика, құқ факультетінің   Ист -21, Ист-31, МО-11 және Филология факультетінің Фил- 23  тобының студенттері қатысты.

Конференцияны ұйымдастырушы т.ғ.к., доцент Б.С.Боранбаеваның кіріспе сөзінен кейін Ист -31 тобының студенті Аққағаз Мадина  Ақтөбе облыстық музей деректері  негізінде  «Қазақтың батыр қызы – Әлия Молдағұлова» атты  баяндама жасады. Бұдан соң   Кеңес Одағының Батыры  Ә. Молдағұлова оқыған Подольск мерген қыздар мектебін бітіріп, майданда ерлік көрсеткен Оралдық мерген қыздар туралы  құжаттар мен суреттердің бейне көрсетілімдері (слайд) арқылы төмендегідей баяндалар тыңдалды.

kojahmatova

Мүслима Кожахметова

toktamyshevam

Мәлика Тоқтамышева

gabdusheva

Әлима Габдушева

1.       «Мерген қыз – Мәлика Тоқтамышева» баяндамашы  – Ист -31 тобының студенті  Мұхтар Әділ

2.      «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері мерген – Әлима Габдушева»  баяндамашы  – Ист  -21 тобының студенті Шакенова Дина

3.      «Дзот үнін өшірген қазақ қызы» баяндамашы  – Ист-31 тобының студенті Насипқали Еркебұлан  

Конференция соңында баяндамашыларды тыңдаған студенттер пікірлері тыңдалды. Фил- 23 тобының студенті Бақытбаева Гүлбибі: Біз мерген қыз Ә. Молдағұлованы ғана білетін едік. Енді өз өлкемізден шыққан қазақтың 3 мерген қыздар  туралы тың мәлімет алдық. Баяндамашыларға үлкен рахмет. Қазақ қыздары ұяң болды.  Ерлік жасадық деп айтпады. Олар ел қорғау әркімнің міндеті деп түсінген. Ал, біз неге соларды мақтанышпен айтуға асықпаймыз. Мен, мерген қыздар Мәлика Тоқтамышева мен Мүслима Кожахметова  Жымтиты ауылынан шыққанын жерлестері білеме деп  ойланып отырмын...  Жауынгер қазақ қыздарын насихаттау жетіспей отырғанын түсіндім деді. 

 

«Ұлы Отан соғысына қатысқан Орал өңірінің мерген қазақ қыздарының ерлігі» атты  студенттердің  он-лайн конференциясының бағдарламасы

 

Сауалнама - Анкета

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua