Әбу Насыр әл-Фараби – Ұлы Даланың рухани ұстазы

                                              Әбу Насыр әл-Фараби – Ұлы Даланың рухани ұстазы

         Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  ел ішінде кең қолдау тапқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасының кезекті жалғасы ретінде жарияланған «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында: «Көпшіліктің санасында тарихи үдерістер негізінен тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады. Мысалы, өткен дәуірлердегі Тутанхамон, Конфуций, Ескендір Зұлқарнайын, Шекспир, Гете, Пушкин және Джордж Вашингтон сияқты дүние жүзіне белгілі тұлғалар бүгінде өз мемлекеттерінің баға жетпес символдық капиталы саналады әрі сол елдердің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр. Ұлы Дала әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді. Бұл бағытта қазақстандық ғалымдармен қатар шетелдік мамандар тартылатын халықаралық көпбейінді ұжым құруға болады. Нәтижесінде біздің қаһармандарымыздың өмірі мен қызметі жөнінде тек еліміздегілер ғана емес, сондай-ақ шет елдегілер де білетін болады» делінген. Ал Қазақстан  Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым қызметкерлерінің Республикалық тамыз конференциясында сөйлеген сөзінде: «Жаңа ұрпақты алдағы сын-қатерлерге дайындау қажет. Олар еңбексүйгіштік идеялары мен құндылықтары негізінде тәрбиеленуі тиіс. Тарихы терең дәстүр сабақтастығы ұлттық тәрбие арқылы беріледі. "Әрбір тәрбиеші баланы ұлт дәстүрімен тәрбиелеуге міндетті" (Мағжан Жұмабаев). Ұлттық құндылыққа қанығып өскен өреннің танымы терең, ділі берік болады. Ұлы Абай үнемі сынға алған масылдық қоғамға ешқашан жақсылық әкелген емес. Соны түсінетін жастарымыз тек біліммен қаруланып, еңбекке ғана арқа сүйеуі тиіс. Лайықты азамат – білімді, Отанына адал, елін, жерін сүйетін адам. Бұл әлемде Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Елін шынайы сүйетін азаматтарды тәрбиелеу – ұстаз мақсаты. Тәрбие – сапалы білімнің негізгі арқауы, діңгегі. Әл-Фарабидің "Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы" деген сөзі барша білім саласы қызметкерлерінің бой түзер бағдары болуы тиіс. Отандық білім саласы туған жеріңе, қоршаған ортаңа, өз тарихыңа құрметпен қарауға тәрбиелеп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуі тиіс»,-деп баса айтқан-ды. Тап осы бағдарлар жүйесінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасымен бірлесе отырып, «Рухани жаңғыру» институтының ұйымдастыруымен «Адамзаттың екінші ұстазы», «Шығыстың Аристотелі» атанған энциклопедист ғалым, ғұлама ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Әбу Насыр әл-Фараби – Ұлы Даланың рухани ұстазы» тақырыбындағы халықаралық онлайн-дөңгелек үстелі өткізілді. Ұлы Даланың ұлағатты тұлғасы Әбу Насыр әл-Фараби мұрасын бүгінгі жаңа ұрпаққа таныту, насихаттау мақсатында ұйымдастырылған халықаралық онлайн-дөңгелек үстел жұмысына университеттің профессор-оқытушылары мен магистрант-студенттеріне қоса, Орал қаласы мектептерінің тарих пәні мұғалімдері, педагог-зерттеушілері көптеп қатысты. Бұл ретте дөңгелек үстел басындағы басқосу жиынына  Г.А.Төлегенова (Жұбан Молдағалиев атындағы №2 ЖОББМ), Л.С.Сисенова (№22 ЖОББМ), А.Т.Ережепова (М.Б.Ықсанов атындағы №36 ЖОББМ), А.М.Шәріп (Серебрякова ЖОББМ), С.З.Халелова (№47 ЖОББМ), Г.Е.Мажимова (№18 ЖОББМ),  Е.Ұ.Тілегенов (Хиуаз  Доспанова атындағы №30 ЖОББМ), М.М.Сағитова (№9 ЖОББМ), Б.Е.Бисенғалиева ( Ахмет Байтұрсынов атындағы №10 ЖОББМ), Н.Н.Храмова (№13 ЖОББМ), Ж.Т.Жұмабай (А.С.Макаренко атындағы №6 ЖОББМ), Н.И.Алышева (Круглоозерное ЖОББМ), Қ.А.Тастілеуов (№17 ЖОББМ), К.М. Саядян (№16 ЖОББМ), М.Б.Даулетиярова (№3 ЖОББМ), Г.Ә.Құжахметова (№9 ЖОББМ), С.В.Бабий (№7 ЖОББМ), Қ.Т.Өтешқалиева (№32 ЖОББМ) сынды педагог-зерттеушілер белсенділік танытты. Халықаралық онлайн-дөңгелек үстелі модераторы ретінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Рухани жаңғыру» институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі Абат Сатыбайұлы Қыдыршаев жүргізді. Дөңгелек үстелдің алғы сөзін «Әбу Насыр әл-Фараби – әлемдік өркениеттің рухани үлгісі» тақырыбында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Серғалиев Нұрлан Хабиболлаұлы алып, ғалым мұрасын зерделеудің, кейінгі ұрпаққа насихаттаудың маңыздылығына тоқталды. Одан кейін БҚО Білім  басқармасы басшысы Тұржанова Айымгүл  Мақсотқызы сөзалып, кемеңгер ұстаздың ұлағаттылығына бойлай білді.

             Жиын барысында фарабитану іліміне қатысты бірнеше тақырыптық баяндамалар жасалды. Бұл ретте п.ғ.д., профессор Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы «Әбу Насыр әл-Фараби – Ұлы Даланың рухани ұстазы» тақырыбында алғашқы баяндама жасап, ғұлама ғалымның мол мұрасына қатысты кең көлемді ауқымды ойларды таразылады. Дөңгелек үстел барысында онлайн жүйесінде «Еуразия халықтарының достастығы» ОХА басқарма төрағасы, Орынбор мемлекеттік университетінің Оңтүстік Орал тарихы мен этнографиясы ҒЗИ директоры, тарихғылымдарының докторы,  профессор (Ресей Федерациясы, Орынбор қ.) Амелин Веналий Владимирұлы «Әл-Фарабидің әлемдік философияға қосқан үлесі», Н.Чернышевский атындағы СМУ Тарих және халықаралық қатынастар институтының халықаралық қатынастар және Ресей сыртқы саясаты кафедрасының доценті, тарих  ғылымдарының кандидаты (Ресей Федерациясы, Саратов қ. ) Лапенко Марина Владимирқызы «Әл-Фараби – түркі әлемінің ұлы ойшылы» тақырыптарында баяндама жасады. Сондай-ақ жиын барысында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі проректоры, география ғылымдарының кандидаты, доцент, қауымдастырылған профессор Қажымұрат Мақсотұлы Ахмеденов  «Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани – ХХ ғасырдың әл-Фарабиі, фарабитанудың негізін салушы ғалым», «Рухани жаңғыру» институтының ғылыми қызметкері Шайхиев Тұрар Төлегенұлы «Әл-Фарабидің мемлекеттік билік және басқару туралы ілімі», магистр-оқытушы Танзенов  Даниял  Жұпмағамбетұлы «Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» трактатындағы білім мен тәрбие мәселесі», Орал қаласы , №1 ЖОББМ  тарих пәні мұғалімі , педагог-зерттеуші Билялова Гүлбаршын Тасқалиқызы «Оқу-тәрбие үрдісінде әл-Фарабидің тәлім-тәрбиелік идеяларын тиімді қолданудың жолдары», ҚР Президенті атындағы атаулы шәкіртақы иегерлері, филология факультетінің III курс студенттері Бөлекбаева Жеңісгүл Қамбарбекқызы «Әбу Насыр әл-Фараби Ұстаз тұлғасы жөнінде», Батырғалиева Әйгерім Батырғалиқызы «Ұлы Дала ғұламасы», Батенова Альбина Қобыландықызы «Әбу Насыр әл-Фарабидің «Риторика» трактаты туралы» тақырыптарында өзіндік талдамаларын ұсына алды. Шара барысында университеттің Ғылыми кітапханасының директоры Әлімбекерова Тоты Еркінқызыныңжетекшілігімен «Әбу Насыр әл-Фараби – «Адамзаттың екінші ұстазы» , «Шығыстың Аристотелі» тақырыбында көрме дайындалып, онда университеттің ғылыми кітапханасының библиографы Алена Викторқызы Наугольная тарапынан кең көлемді сипаттама жасалды.

                                                                   Абат Қыдыршаев,

                 М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік      

                   университетінің «Рухани жаңғыру» институтының директоры

Әл-фараби Абат 3

Әл-фараби Абат 1

Әл-фараби Абат 4Әл-фараби Абат 2

 


 

 

Сауалнама - Анкета

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua