Мәңгілік ел жадында

Мәңгілік ел жадында

"Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Мәскеуден сөйлеп тұрмыз!" Күн нұрына бөленген ашық аспанды қас-қағым сәтте қайғының қара бұлты торлаған еді. Сол бір қасіретке толы күндердің, қыршыннан қиылған жастардың, өз сәбиін соғыс отынан күткен ананың, күдік пен үмітпен, арпалыспен өткен соғыстың біткеніне-75жыл. 1 ақпан университетіміз үшін айтулы күн болды. Олай деуге бірден-бір себеп - Жеңіс алаңындағы Мәңгілік алауда "Біз-Жеңіс мұрагерлеріміз! Мы - наследники Победы!" акциясының басталуы. Аталмыш акцияға Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл ардагерлері, университетіміздің белсенді студенттері, арнайы шәкіртақы иегерлері мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Шара Ұлы Отан соғысында "Елім үшін жан пида" деп жанын құрбан еткен ардагерлерді еске алумен бастау алды. Ары қарай сөз кезегі университетіміздің ректоры Серғалиев Нұрлан Хабиболлаұлына берілді. Ректор ардагерлеріміздің ерен еңбегі мен батылдығы мәңгілік жадымызда екенін айта келіп, шараға қатысушы ардагерлерге өз алғысын білдірді. Сондай-ақ, физика- математика факультетінің студенттік ректоры, 3-курс студенті Жандос Мендешұлы мен филология факультетінің 3-курс студенті Айгерім Батырғали келешек ұрпақ үшін жанын қиған ардагерлерді мәңгілік ұмытпайтынын тілге тиек етсе, басқа да студенттер жан тебірентерлік өлең жолдарын оқыды. Өз кезегінде ардагерлер де ыстық ықыластарын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді. Жиын соңында сұрапыл соғыста ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерге гүл шоқтары қойылды. Айта кетейік, акция жыл соңына дейін өз жалғасын табатын болады.

Мәнгілік ел 1

Мәнгілік ел 2

Мәнгілік ел 3

Сауалнама - Анкета

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua