Спорт – денсаулық кепілі

                                                          Спорт – денсаулық кепілі

Бүгін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында 63-ші «Денсаулық» спартакиадасы басталды.Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің спорт түрлерімен шұғылдануын дағдыландыру, салауатты өмір салтын насихатттау, университет ұжымын бір-бірімен жақынырақ таныстыру мақсатында ұйымдастырылған бәсеке 8-10 қаңтар күндері өтеді.Шараның ашылу салтанатында сөз алған университеттің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Әсет Тасмағамбетов, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Владимир Салов, жарыстың бас төрешісі, «Дене тәрбиесі» кафедрасының меңгерушісі Людмила Демченко қатысушыларға жылы лебіздерін арнап, алдағы ойынға сәттілік тіледі.Айта кетейік, спорттың шахмат, волейбол, дойбы, арқан тарту, үстел теннисі, эстафета сынды  6 түрінен ұйымдастырылған сайысқа 9 команда қатысып, бақтары мен баптарын сынамақ.3 күнге созылатын спорт сайыстарының қорытындысы бойынша «жүзден –жүйрік, мыңнан – тұлпар» шыққан командалар мен жекелей қатысушылар университет ректорының Алғыс хатымен марапатталатын болады.

                                                                                                                                                   Азиза СУЙНШКАЛИЕВА

 

Сауалнама - Анкета

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua