«IQ MAKHAMBET» өз мәресіне жетті

                                                                                      «IQ MAKHAMBET» өз мәресіне жетті

Желтоқсан айының 13-і күні М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да «IQ MAKHAMBET» интеллектуалдық ойынының финалдық кезеңі өтті. Осыған дейін бұл сайыс факультет ішінде, кейін факультеттер арасында жартылай финал өткізіп, шын жүйріктерді сыннан өткізген болатын. Əр саланы қамтитын сұрақтармен, қызықты дәлелдермен, әртүрлі жаңа мəліметтермен көрермен жүрегіне жол тапқан сайысқа қатысушы командалардың қолдаушылары да аз емес.Біліктілер бақ сынаған сайыстың финалдық кезеңіне Физика-математика факультетінің "Реалистер" жəне Жаратылыстану-география факультетінің "Sunshine" командалары жолдама алған болатын. Финалдық сайыс 3 кезеңнен тұрды.Олар:

1-кезең: «Ұяшықтар»

2- кезең: "Поле чудес"

3-кезең: «Құпия портфель».

А Сайыс барысында қарсыластарынан оқ бойы оза шапқан Физика-математика факультетінің командасы жеңімпаз атанып, дипломмен марапатталып, кубокты иемденді.

                                                                                          Асыл ҚҰРАМЫСОВА,

                                                                                                                                            Физика-математика факультетінің І курс студенті

Сауалнама - Анкета

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua