Тәуелсіздік күні тойланды

Тәуелсіздік күні тойланды

Түбі түркі, мінезі жылқы, рухы азат, бойында қасиеттің қырық шырағы, мойнында тәңір таққан тұмары бар, тумысы бөлек, тұлғасы ерек Алаштың бодандықтан босап, тәуелсіздіктің таңын қарсы алғанына биыл 28 жыл толады. Осыған орай М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті.Мерекелік кеште алдымен ҚР Әнұраны шырқалып, университет доценті,  тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев ел Тәуелсіздігінің 28 жылдық мерекесіне орай қазақ халқының тарихынан сыр шертіп, елдің бүгінгі тыныс-тіршілігін, әл-ауқатын баяндады.Ұлтымыздың ұлық мерекесіне арналған щарада университет ректоры Нұрлан Серғалиев оқу орнының ұжымын мемлекеттік мерекемен құттықтады.-Ширек ғасыр уақыттан бері мемлекетіміз ел болып көптеген жетістіктерге қол жеткізсе,біздің М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті де биік белестерді бағындырып келеді.Университетте жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобалар, қол жеткізген табыстардың барлығы да Тәуелсіздіктің жемісі. Қорқыт атаның: «Өткен күн кеше - тарих, келер күн, ертең – сыр, ал бүгінгі күн – сый» - деген сөзі бар.  Еркіндік пен елдік, азаттық пен теңдікті сыйлаған Тәуелсіздік өткен ғасырдың жемісі, бүгінгі ғасырдың баға жетпес сыйы. Тәуелсіздік күнімен баршаңызды құттықтай отырып, отбасыларыңызға бақ пен береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін. Асыл арманнан ақиқатқа арналған Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі, бейбітшілігіміз баянды болсын», - деп ақ тілегін арнады Н.Хабиболлаұлы.Кеш барысында ректор Н.Серғалиев  оқу орнының ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, география ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қажымұрат Мақсотұлын «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, Әлеуметтік зерттеулер орталығының  жетекшісі Павел Анатольевичті «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгімен марапаттады. Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының аға оқытушысы Агилаш Куракбаевна мен Мәдени-тынығу жұмысы және хореография кафедрасының доценті Галина Герасимовнаға  ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы,  Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының аға оқытушысы  Тұрарбек Әбілқайырұлына ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты, университеттің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы Әсет Сембайұлына Орал қаласының Құрмет грамотасы табыс етілді.  Ал КПО корпоративтік қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бөлім басшысы Руслан Мұқанғалиев университет ұжымына ризашылығын білдіріп, Нұрлан Серғалиевке арнайы Алғыс хат табыстады. Сондай-ақ, салтанатты рәсімде университеттің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Қажымұрат Ахмеденов пен оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Әсет Тасмағамбетов профессор-оқытушылар мен құрылымдық бөлім қызметкерлерін университет ректорының Құрмет грамотасымен марапаттады.Әнмен әспеттеліп, бимен көмкерілген рәсім соңы университеттегі өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасына ұласты.

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ 1

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ 2

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ 3

 

                                                                                                                                    Азиза СУЙНШКАЛИЕВА,

                                                                                                                       «Өркен» газеті

Сауалнама - Анкета

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua