Әріптес жетістігі

                                                   Әріптес жетістігі

әріптес жетістігі Күні кеше ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Х республикалық  «Тәуелсіздік толғауы» конкурсы өткен болатын.  Конкурстың басты мақсаты – заман талабына сай драма­лық және музыкалық шығармалардың жа­зылуына жол ашу, отандық авторларды қолдау, республика театрлары мен концерттік ұйымдар репертуарларын көркемдік деңгейі жоғары жаңа туындылармен толықтыру, өнер туындылары арқылы ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Аталмыш конкурста Тәуелсіздікке арналған үздік шығармалар «Күй, Терме, Жыр» номинациясы бойынша «Тәуелсіздік тойына шашу» шығармасының авторы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің қауымдастырылған профессоры Нұрымбетов Еркін Шаяхметұлы жүлделі ІІ орынмен марапатталды. Әріптесімізді жетістігімен құттықтай отырып, шығармашылығыңыз шыңдала берсін, жетістіктеріңіз көп болсын деп тілек айтамыз.

Сауалнама - Анкета

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua