Ақжайық айтысының анасы

Ақжайық айтысының анасы

Қасиетті қара шаңырақ, бұрынғы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институт, қазіргі М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың түлегі Қыдырниязова Шолпан Батырқызымен «Жыр әлемін тербеткен Шолпан ақын» атты кездесу кеші өтті.Жүрегін жырмен жарыстырған, ел мен жерді табыстырған поэзияны сұлулық пен көркемдік әлеміне теңесек, соның тылсымын ұғуға ұмтылып талаптанып, қалам ұстаған кешегі бала Шолпан  қанаттанып, бүгінде бекзат болмыс иесіне айналып, парасат биігінен көрінуі – заңдылық.Шолпан Батырқызының өнегелі өмір жолымен  белсенді студент «Jas project” жобасының грант иегері Гүлсұлу Башенова таныстырды. Көрермендерге әсем ән тарту етіп, шараның шырайын келтіріп Мадияр Утегенов "Биіктік" әнін орындады. Әдеби кеш барысында көрермендер  ақынға бірнеше сауалдарын арнады. Өз кезегінде Шолпан апамыздың мектептегі ұстазы бала кездегі естеліктерінен сыр шертті.Өткір ойлар, жылы тұнған сезімдерЕң шипалы жүректерге бұл – дәрі! – деп ақын шығармашылығына кезек беріліп,ҚТӘ-33 тобының студенттері Гүлсұлу Башенова, Айгерим Батыргалиева мен Нурия  Онкалбаева әсем әннен шашу шашты. Одан әрі университетіміздегі ғылыми кітапхананың қызметкері Садақ Сүйесінқызы Шолпан Қыдырниязоваға арналған шағын көрмемен таныстырып, «Жазба ақындар» мүшәйрасының бірнеше дүркін жеңімпазы, 4-курс студенті Азамат Бақиевпен қайым айтыс үлгісін көрсетті.Салиқалы сөздерімен жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беру мақсатында Шолпан Батырқызы өз ойларын Фейсбук желісінде «Менің тәрбие сағатым» айдарымен жазып, оқырмандарға өмірден түйгенімен бөлісуде. Осы ойлардан Айгерим Батыргалиева, Жеңісгүл Бөлекбаева, Назгүл  Оразбай, Айдана Отарбаева және Ақнұр Сырым сынды студенттер үзінді оқып берді. Кеш соңында облыстық ән байқауларының лауреаты, әнші Дәмеш апайымыз Шолпан Қыдырниязованың сөзіне жазылған Әсет Бейсеуовтың «Қоскөл кеші» әнін көрерменге тарту етті.

ШОЛПАН КЫДЫРНИЯЗОВА 3

ШОЛПАН КЫДЫРНИЯЗОВА 2

ШОЛПАН КЫДЫРНИЯЗОВА 1

 

 

 

                                                                                                     Аяулым Аманқызы,

                                                                                                                                    Филология факультетінің І курс студенті

Сауалнама - Анкета

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua