Республикалық пікірсайыс турнирі өтті

                                        Республикалық пікірсайыс турнирі өтті

АКИКАТ ТУРНИР 1 М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай "Ақиқат" ЖҚБ пікірталас орталығының ұйымдастыруымен "АҚИҚАТ" ЖҚБ пікірталас орталығының 15 жылдығымен тұспа-тұс 29 қараша – 1 желтоқсан күндері дәстүрлі VI республикалық турнир өтті. Турнирге қазақ және орыс лигалары бойынша 10 аймақтан 70 фракция, 140 спикер қатысты. Турнирдің алғашқы күнінде салтанатты ашылу рәсімі және келген қонақтарға қаламыздың көрнекті жерлеріне, атап айтсақ, Исатай мен Махамбет ескерткішіне,  Мәңгілік алау алаңына және Абай атамыздың ескерткішіне экскурсия жасалды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған челлендж түсіріліп, әр өңірден келген қатысушылар Абай атамыздың өлеңдерін оқыды. Салтанатты ашылу рәсімінде университетіміздің проректоры Дәрішева Түймеш Малбағарқызы, Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Әділгерей Сырымбетұлы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушы магистрі, "Ақиқат" ЖҚБ пікірталас орталығының төрағасы Мерген Қуанышұлы сөз алып, ойынға сәттілік тіледі. Екінші күні "БПФ" іріктеу ойындары және "ЛД" іріктеу АКИКАТ ТУРНИР 2 ойындары мен ЛД 1/8 ойыны өтті.  Ойыннан соң "Бастау" коворкинг орталығында "Құпия қала тұрғындары" атты квест ойыны ұйымдастырылды. Соңғы күні "АПФ" 1/8,1/4,1/2 және финал ойындары, "ЛД" 1/4,1/2 және финал ойындары өтіп, кешкісін қатысушыларды марапаттау рәсімі мен салтанатты жабылу кеші өткізілді. Шараның қорытынды кешінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Серғалиев Нұрлан Хабиболлаұлы сөз сөйлеп, арнайы сыйлықтар табыс етті. Турнир басында уәде етілген "Үздік делегация" аталымын бірліктерімен, белсенділіктерімен көзге түскен Атырау қаласынан келген пікірсайысшылар иеленді. Сонымен қатар, "Үздік вайзер" дәрежесі қазақ лигасы бойынша Гиниятова Лиянаға, орыс лигасы бойынша Усенова Лиянаға берілді. 3 күнге созылған дәстүрлі турнирдің қорытындысы бойынша:

І орын - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің "Заман біздікі" пікірсайыс клубының пікірсайысшыларынан құрылған  "АҚТӨБЕ АРЛАН’S” фракциясы;

ІІ орын - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің "Қобыланды" пікірсайыс клубының пікірсайысшыларынан құрылған "АҚТӨБЕ" фракциясы;

ІІІ орын - М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің  студенттерінен құрылған "Жалын" клубының "АЛЫСТАН КЕЛДІК, АЛЫСҚА КЕТЕМІЗ" фракциясы иеленді.

АКИКАТ ТУРНИР 3 Ал "ҮЗДІК СПИКЕР" дәрежесін "Айсберг" пікірсайыс клубының мүшесі Таубай Айсұлтан, "ҮЗДІК ТӨРЕШІ" аталымын "Ақиқат" ЖҚБ пікірталас орталығының координаторы Жалмұқан Ерсұлтан иеленді.

Орыс лигасы бойынша:

І орын  - Көкшетаулық және Орал пікірсайысшыларынан құрылған "Глашатая" фракциясы;

ІІ орын - "Эристика" клубының  "Авангард" фракциясы;

ІІІ орын - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің студенттерінен құрылған "Error 404” фракциясының  еншісіне тиді. Орыс лигасы бойынша "Үздік спикер" аталымын Сейпилева Сая, "Үздік төреші" дәрежесін Меңдігалиева Диана иеленді.

Дәстүрге айналған,  достықты нығайта түскен кезекті турнир бұл жолы да жоғары деңгейде өтіп, көптің көңілінен шықты.

 

 

 

 

                                                                                                                        Аида ОРАЗОВА,

                                                                                                                                        «Өркен» газетінің тілшісі

Сауалнама - Анкета

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua