Шығармашылығымен танысты

Шығармашылығымен танысты

13 қараша күні ҚР-ның Тәуелсіздік күніне орай М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да жазушы Жан Ақжановтың «Парасат» атты әдеби шығармашылық кеші ұйымдастырылды. Шараның шымылдығын университеттің тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Түймеш Малбағарқызы  ашып, "Адам баласы ақ ниет, жақсы мінезбен, адалдықпен өмір сүрсе ғана жемқорлық атаулы қоғамға жоламас еді"- деп атап айтып, кештің мән-маңызын түсіндіріп өтті. Кеш иесі Жан Мұхарабұлының шығармаларынан жемқорлық жайлы өмір көріністерін аңғаруға болады. Шығармаларының мазмұны қоғамда көп жазылмайтын, айтыла бермейтін жандар жайлы. Жемқорлыққа қарсы күресу, оны болдырмау, қоғамдағы лас істерден азат ету жайында толғаған шығармалары өте көп. Шара барысында кеш иесі Жан Мұхарабұлының  жемқорлық тақырыбында жазған кітаптары талқыланды.  Сонымен қатар, кешке ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң БҚО бойынша департамент басшысының бiрiншi орынбасары Нұрдəулет Саметұлы да қатысты. Қонақтар студенттерге жемқорлық жайында мағлұматтар беріп, толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Парасат 1

Парасат 3

Парасат 3

Назерке Сұлтанғалиева,

Филология факультетінің І курс студенті

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua