Интеллектуалды ойын өтті

                                                                            Интеллектуалды ойын өтті

12 қараша күні М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да І курс студенттері арасында  интеллектуалды ойындар жарысы өтті. Оған университетіміздегі 6 факультеттің студенттері белсене қатысып, бақ сынады. Жарыс нәтижесі бойынша шахмат ойынынан:

Тарих, экономика және құқық факультеті І орын;

Физика-математика факультеті ІІ орын;

Мәдениет және өнер факультеті ІІІ орынды иемденді.

Дойбы ойынынан:

Тарих, экономика және құқық факультеті І орын;

Филология факультеті ІІ орын;

Физика-математика факультеті ІІІ орын жеңімпазы атанды.

Ал  тоғызқұмалақ ойынынан:

Тарих, экономика және құқық факультеті І орын;

Физика-математика факультеті ІІ орын;

Педагогика факультеті ІІІ орынды місе тұтты.

Жарыста оқ бойы озық шыққан Тарих, экономика және құқық факультеті командалық есепте І орынды қанжығасына байласа, Физика-математика факультеті жүлделі ІІ орынды еншілеп, Филология факультеті ІІІ орынға тұрақтады. Шара соңында сайысқа қатысушы командаларға арнайы дипломдар мен алғыс хаттар табыс етілді.

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua