«Әбіш – Абыз! Ақырғы аңыз»

Осындай атаумен Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ-да «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романына арналған университетішілік оқырман байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың басты мақсаты – студенттер арасында сөз зергері Әбіш Кекілбаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау, ұлттық құндылықтарды, мемлекеттік тілді дәріптеу, таланттарды тану.Қазақ әдебиетінің алтын қазығы, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР еңбек ері,  ақын, сыншы, прозайк, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай өткізілген байқау 3 кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде студенттер «Аңыздың ақыры» романына қатысты сұрақтарға жауап беріп, романды қаншалықты жетік білетіндігін көрсетті. Екінші кезең «Мен оқыған «Аңыздың ақыры» түйгенім, болжам, ұсыныс» деп аталып, қатысушылар аталмыш тақырыпқа эссе жазды. Ал соңғы бөлім «Аңыздың ақыры» романын жатқа, мәнерлеп оқуға арналды.Байқауға төрелік еткен қазылар алқасының шешімімен тарих тамырын тереңінен қозғайтын романды жан-жақты талдаған Зафура Мамұт жүлделі І орынды иемденсе, Қазына Есетова мен Құралай Жылтықаева ІІ  орынды өзара бөлісті. Сайыстың жүлделі ІІІ орыны Бағдат Оразхан, Назерке Сұлтанғали, Ақнұр Сембаевалардың еншісіне бұйырды. Байқауға белсенді қатысқан Гүлнұр Көшербаева, Жадыра Құлтай, Динара Сәрсенбаева, Зульфия Төлеу, Қазына Файзуллина сынды жастар алғыс хаттармен  марапатталып, шара естелік суретке түсумен қорытындыланды.

 

Азиза СУЙНШКАЛИЕВА,

«Өркен» газеті

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua