Абай әлеміне саяхат

Абай әлеміне саяхат

Абай 1 Абай өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттау, тіл мәдениетін көтеру, талапты, талантты жастарды табу мақсатында  29 қазан күні Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында «ABAI quest» ойыны өтті. Оған университетіміздің 6 факультетінің 6 студентінен құралған «Жас қыран», «Жібек», «Комета», «Білімгер», «Самғау», «Болашақ» командалары қатысып, бақ сынады.Филология факультетінің ұйымдастыруымен өткен шарада сайыскерлер алдымен топтың атауы, ұранын таныстырып өтті. Келесі кезеңде қатысушылар Абайдың әндерін орындап сынға түсті. Үшінші бөлімде  олар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыса, төртінші кезеңде Абай 2 ағартушының өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты. Сондай-ақ, ойын барысында үміткерлерге Абайды зерттеу еңбектері бойынша да сұрақтар қойылып, жауаптары тыңдалды.Ойынға қатысушылардың жұмысын бағалап, жеңімпаздарды анықтаған қазылар алқасының шешімімен Мәдениет және өнер факультетінің «Жібек» командасы жүлделі 1-орынды иемденсе, 2-орын Филология факультетінің «Самғау» командасына бұйырды. Ал Жаратылыстану-география факультетінің «Комета» командасы үздік үштікті түйіндеді. Ойын жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды. Шара соңында қатысушылар Абай ескерткішіне барып, естелік суретке түсті.

Азиза СУЙНШКАЛИЕВА,

«Өркен» газеті

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua