Білім – болашақтың кілті

                                             Білім – болашақтың кілті

WhatsApp Image 2019-10-24 at 19.02.58Қазан айының 15-ші жұлдызында Х.Бөкеева атындағы Қазақ драма театрында «Bolashaq Development Fund» қоры қолдауымен Халықаралық ағартушылық көрме өткізілді. Көрме Қазақстанның 6 қаласы бойынша өткізіліп, оған АҚШ,Ұлыбритания, Канада, Польша, Италия, Испания, Ресей сынды елдердің әлемдік деңгейдегі 39 жоғары білім беру университеттері қатысты. Бұл көрмеде студенттер танымал халықаралық дәрежедегі оқу орындарының ерекшеліктерімен танысты. Оған М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің жаратылыстану-география факультетінің Б/ағылшын-3, Б/ағылшын-2 топтарының студенттері б.ғ.к., доцент А.У.Утаубаеваның  жетекшілігімен барып қайтқан болатынбыз. Көрмеде аталмыш елдердегі оқу орындарына түсу шарттарымен қатар, халықаралық шәкіртақы бағдарламаларымен де таныстық. Білім беру және оқуға түсу шарттары түсіндірілді. Біздің болашақ мамандығымыз «Ағылшын тіліне бағытталған биология пәні мұғалімі» болғандықтан шетел өкілдерімен тілдесіп, университеттерінің оқыту жүйесімен танысу өте қызық болды. Болашақта шетелдік университеттерде білім алуға деген қызығушылығымыз артты. Осы тұста осындай ауқымды көрмені ұйымдастырған «Bolashaq Development Fund» қорына, бізге көрмеге қатысуға мүмкіндік берген университет басшылығына алғысымызды білдіреміз.

 

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua