БҚМУ жастары – жеңімпаз!

Ағымдағы жылдың 19-20 қазанда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде "Zhubanov CUP-2019"  аймақтық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге Атырау,  Ақтау , Ақтөбе, Орал қалаларынан 32 фракция, яғни 64 спикер қатысты. Турнир қорытындысы бойынша Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Құқықтану» мамандығының 3-курс студенті, «Ақиқат пікір-талас орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің координаторы Жалмұқан Ерсұлтан мен «Ақиқат» пікір-талас орталығының мүшесі Тұрсынғалиев Нұрсұлтан  1-ші орынды иемденіп, турнир жеңімпазы атанды.  Кубок иелеріне 70 000 теңгенің сертификаты табысталды.  Сонымен қатар Ақиқаттық пікірсайысшылар 1/4, 1/2 финалдарына жетіп, жақсы көрсеткіш көрсетті. 64 спикер ішінен Сарымсақов Айымбек  ЛД финалына дейін жетіп, мықтылығын дәлелдеді. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

 Актөбе

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua