ЖОЛДАУ БАҒЫТТАРЫН ТҮСІНДІРДІ

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған көптеген шаралар өтуде. Соның бірі – физика-математика факультетінде өткен жиын. Аталмыш шараны дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының оқытушысы Науанова Курманай Мадиевна ашып, жаңа экономикалық саяси құжаттың басым бағыттарын атап өтті. Одан әрі «Аймақтану» мамандығының 2-курс студенттері Мадина Утегенова «Қазіргі тиімді мемлекетті қалыптастыру жолдары», Назерке Ерланова «Әлеуметтік  жаңғыру – тұрақты даму кепілі», Аделя Киреева «Қазақстан экономикасының дамуы – жаңа мақсаттарға жету жолы ретінде» тақырыптарында баяндамаларын оқып, Жолдаудың «Жаңа заман талабына сай мемлекет», «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету», «Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика», «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі», «Қуатты өңірлер – қуатты ел» атты 5 бөлімін түсіндірді. Жиынның екінші бөлімі интеллектуалдық ойынға ұласты. Онда студенттер «Тұлпар», «Қыран», «Миф» сынды 3 топқа бөлініп, өзара сайысқа түсті. Ойынның алғашқы кезеңі блиц-сұрақтарға арналып, ел тәуелсіздігі, ҚР аумағы, мемлекеттік нышандар жайлы көптеген сұрақтар қойылды. Ал екінші «Ақылды ұяшықтар» кезеңінде студенттер ұяшықтарға жасырылған сұрақтарға жауап беріп, сәйкесінше ұпайларын алды. Шараға қазылық еткен әділқазылардың шешімі бойынша «Қыран» тобы ІІІ орынды иемденсе, «Тұлпар» тобы ІІ орынға тұрақтады. Ал «Миф» тобы сайыстың І орынын иемденіп, жеңіске жетті. Ойын барысында белсенділік танытып, сұрақтарға жылдамдықпен жауап берген Назерке Тоқбаева Алғыс хатпен марапатталды. Кеш естелік суретке түсумен өз мәресіне жетті.

 

БҚМУ БҚМУ 0

                                                                                                                                                                                                    

                                                                                                                                                                                                               Азиза СУЙНШКАЛИЕВА

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua