Өнермен өрілген өмір

Бүгін университетіміздің оқытушысы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері,  мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, «Ерен еңбегі» үшін медалінің иегері, Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының  актрисасы Әсел Мамбетованың  мерейтойына арналған «Ақжайықтан шыққан қазақтың дарынды қызы» атты  шығармашылық кеші өтті.Өмір жолы мен шығармашылығын баяндаудан басталған сырлы кеште жылылық пен мейірімнің, сұлулық пен парасаттылықтың, талант пен еңбекқорлықтың  эталоны Әсел Иманғалиқызы  сахнада сәнімен өз көрерменіне есеп бергендей. Өмірін өнерге арнаған жан кештің алғысөзін әдемі өлең жолдарымен ашып, одан әрі өзі тәлім беретін режиссура мамандығының шәкірттерімен бірге «Ақжайық» сазды-хореографиялық компазициясымен жалғады. Жайықтың дарынды қызының мерейтойында әріптестері, өнердегі аға-әпкелері сөз алып, ізгі тілектерін арнады. Сондай-ақ, өнер иесі  Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Құрметті профессоры» атағымен және «Құрмет грамотасымен» марапатталды.Көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған кеш «Жан досым» әнімен өз мәресіне жетті.

 

Сегодня прошел творческий вечер «Ақжайықтан шыққан қазақтың дарынды қызы»  посвященный юбилею преподавателя, заслуженного деятеля РК, лауреата Государственной премии «Дарын», актрисы областного казахского драматического театра Асель Мамбетовой. Также она был награждена званием «Почетный профессор» Западно-Казахстанского государственного университета им. М. Утемисова и «Почетной грамотой».

                                                                                                                                                                   Азиза СУЙНШКАЛИЕВА

 

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua