Салт-дәстүр – ұлттық тәрбиенің негізі

Дәстүр – адамдардың ғасырлар бойы қалыптастырған құндылығы, әлеуметтік-мәдени мұрасы. Ұлттық кодымызды сақтау үшін дәстүрдің озық үлгілерін насихаттап, ұлттық тәрбиеміздің іргетасы етіп тұрақтандыруымыз қажет. Осы орайда Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастаруымен 2019 жылдың 13 қыркүйек күні сағат 16:00-де Тұңғыш Президент алаңында “Рухани жаңғыру” жобасы аясында қазақтың “Дәстүр” мәдени-көпшілік шарасы өткізілді. Осы шараға М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері белсене қатысты. Біздің университетіміздің педагогика факультетінің спортшылары қазақша күрес, кір тасын көтеру, арқан тарту, тоғызқұмалақ, асық ату секілді қазақтың ұлттық спорттық ойындарын көрсетті. Осы шараға 80-ге жуық студенттер атсалысты.

Біздің киіз үйіміздің алдында арнайы қонақтардың құрметіне дастархан жайылып, қонақжайлылық танытылды. Осы шараны ұйымдастыруға атсалысып, жоғары деңгейде өтуіне септігін тигізген факультетіміздің профессор-оқытушылар құрамына, солардың ішінде Отаров Орынғали Мергенұлына, Кажкенов Оралхан Арманұлына, Нәбиева Жанаргүл Жұмабайқызы, Ерболат Балмира Ерболатқызына, Мухиева Гульмира Сейтмуханбетовна, Жақсылықов Ергазы Хайруллаевичке, сондай-ақ  ФКС-13, ФКС-21, ФКС-32, ФКС-11, ФКС -15, ПиП-11 топ студенттеріне алғыс білдіремін.

                                                                                                                                        Педагогика факультетінің деканының тәрбие ісі

                                                                                                                                        жөніндегі орынбасары  А.С.Айтжанова

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua