Интеллектуалды сайыс

Тілдер апталығы аясында бүгін университетімізде ИЯ-41 тобы студенттерінің ұйымдастыруымен  «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында «Филология көшбасшысы» атты интеллектуалдық – танымдық сайыс өтті. Сайысқа ИЯ-41, 43 топ студенттері қатысып, белсенділік танытты. Шараның мақсаты – ҚР туралы студенттердің алған білімін жинақтап,  одан әрі танымдылығын арттыру, ойлау,  сөйлеу дағдысын дамыту. Туған халқына,  Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру. Сайыста алдымен Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына қысқаша шолу жасалып, слайд көрсетілді. Одан әрі студенттер 4 кезең бойынша  сынға түсіп, білімдерін шыңдады. Олар әр кезеңде «Алтын адам», «Аң стилі», қола дәуірі мен алма жемісі, қызғалдақтарға қатысты көптеген сұрақтарға жауап беріп, таным деңгейлерінің жоғары екендігін көрсетті. Мирас Сисенов, Аягөз Кадир, Айдана Ерниязова, Сая Дүйсенбай, Сандуғаш Тілектесова, Ақнұр Қайырбай сынды студенттер шараға белсене қатысып, көрермен көзайымы атанды.

 

Азиза СУЙНШКАЛИЕВА

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua