Қазақстандық білім

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ САНДЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Құрметті парақшаға жазылушылар, өздеріңіз білетіндей, 2018 жылы Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында біздің ведомство алдында бірқатар тапсырмалар қойды. Жолдаудың ең маңызды аспектілерінің бірі – білім, ғылым және денсаулық сақтауға жұмсалатын шығынды еліміздің жалпы ішкі өнімінің 10%-ына дейін көбейту. Министрлік жоспары бойынша қол жеткізілген жетістіктерді графикалық материалдардан көре аласыздар.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АРТТЫРУ
2018 жылдың қорытындылары бойынша 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 90,5% мектепке дейінгі біліммен қамтылған. Мектеп алдында балалардың даярлық сапасын арттыру үшін мектепке дейінгі білім сапасына аса назар аударылатын болады. Тәрбиешілердің біліктілігін арттыру қысқа мерзімді курстар есебінен жүзеге асырылады. Қазіргі таңда осы курстарға, орташа есеппен, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 1000 қызметкері қатысады. Біздің мақсатымыз – осы көрсеткішті 15 000 жеткізу. Курстардан өткен соң тәрбиешілер ұлттық біліктілік тестілеуін тапсыратын болады.

МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫН АРТТЫРУ
Мектеп мұғалімдері біліктілік тестілеуінен өтуде. 2018 жылдың мамырынан бастап 34 мың мектеп мұғалімдері біліктілік санаттарын алды және 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап санатына байланысты 30%-дан 50%-ға дейінгі үстемақы алады (http://bit.ly/2OlFQgY).

Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету Үкімет жұмысының ерекше басымдығы болып табылады. Елбасы тапсырмасы бойынша 2021 жылға дейін мектептер мен балабақшалардың 100%-ы бейне бақылаумен қамтамасыз етілуі керек. Қазір қалалық мектептердің 65%-ында бейне бақылау камералары орнатылған аймақтарда бұл көрсеткіш 30-40%-ға тең.

ТЕГІН КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ
Бүгін елімізде 824 колледж бар. “Баршаға арналған кәсіптік-техникалық білім беру” жобасына 361 колледж қатысуда, олар 4 жылдың ішінде 673 мың адамды тегін кәсіптік біліммен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. 2017 жылы осы бағдарлама бойынша 94810 студент, 2018 жылы 98505 студент оқуға түсті. Бағдарлама 192 мамандықты қамтиды, оның толық тізімін мына сілтеме бойынша көруге болады: http://opencollege.kz/. Бағдарлама және қабылдау ережелері туралы толық ақпаратты біздің парақшаларымыздан таба аласыздар (http://bit.ly/2OVGnXh).

ЖОО ТҮЛЕКТЕРІНІҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫ
Басқа маңызды міндет — ЖОО аяқтаған соң, түлектердің жұмыспен қамтылуы және қазіргі таңда басым мамандықтар бойынша білім алу. 2018 жылы министрлік «Атамекен» ҰКП бірлесіп, жұмыспен қамтылу және басқа да көрсеткіштерге негізделген білім беру бағдарламаларының рейтингін әзірледі. Рейтинг нәтижелері бойынша ЖОО-ның жұмыс тиімділігі бағаланатын болады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған ЖОО түлектерінің 86,7%-ы оқу аяқтағаннан соң бірінші жылы жұмыспен қамтылған.Қазақстандық 25 университет Орталық Азия және Шығыс Еуропа ЖОО-ның “ТОП-300” тізіміне енгендігін атап өткен жөн.

Жоғарғы оқу орындары рейтингімен мына сілтеме арқылы толығырақ танысуға болады http://bit.ly/2SRyhSZ.Сонымен қатар, көрсетілген графикалық материалдардан қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік рейтингтерде жоғарғы орындарды иеленетіндігін көре аласыздар.

50658251 2217717591774262 8985412281512755200 o

50690191 2217717488440939 1595777562477330432 n

51699075 2217717458440942 8836225377010450432 n

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua