Университет ректоры Нұрлан Серғалиев ардагер ұстаз Темірболат Құбашевты арнайы қабылдап, 80 жылдық мерейтойымен құттықтады

IMG 3704 mini

Бүгін университет ректоры Нұрлан Серғалиев ардагер ұстаз Темірболат Құбашевты арнайы қабылдап, 80 жылдық мерейтойымен құттықтады. – Сіз Қазақстан Республикасының білім беру ісі мен спорт саласына толағай үлес қосқан, өресі биік, өрісі кең ұстаз әрі талантты педагог, білікті ұйымдастырушы ретінде өңірімізге танымал тұлғасыз. Сіз жетекшілік етіп баулыған шәкірттеріңіздің бірқатары білім беру мен спорт саласының мақтаныштарына айналып отырғанын ізгі ниетпен айта аламыз. Сіздің қажырлы еңбегіңіздің нәтижесінде бокспен жаттығып жүрген спортшылар түрлі деңгейдегі жарыстарда жоғарғы табыстарға қол жеткізіп, өлкемізде осы спорттың мәртебесін асыруға зор септігін тигізіп келеді. Соңғы отыз үш жылда М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы, кафедра меңгерушісі, доцент лауазымдарында қызмет етіп, оқытудың барлық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған 30-дан астам оқу-әдістемелік құралдарын шығарып, студенттің кәсіби біліміне бағдарлама жүргізуге арналған әдістемелік ұсынбалар дайындап, қажырлы еңбек етіп келесіз. Асқақ абырой биігімен жеткен мерейлі 80 жасыңызбен құттықтай отырып, деніңізге саулық тілеп, отбасыңызда бақ-дәулет, амандық пен шаттық салтанат құрып, ұзақ ғұмыр сүруіңізге шынайы тілектестік білдіреміз, - деп университет ректоры тілегін білдірді. Мерейтой иесі де университет басшылығына көрсеткен қолдау мен зор құрметтері үшін өз ризашылығын білдірді. Мерейтойлық құттықтау педагогикалық факультеті мен ардагер ұстазымыздың бүгінде қызмет атқаратын дене тәрбиесі кафедрасының ұйымдастыруымен өткізген танымдық кешке ұласты. 

IMG 3687 mini

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua