Құрметті Нұрлан Хабиболлаұлы!

 IMG 1182 mini

Құрметті Нұрлан Хабиболлаұлы! Сіз көп жылдан бері білім саласында тынымсыз еңбек етіп, осы жолда белес-биіктерден өткен жігерлі азаматсыз! Бойыңыздағы еңбекке адалдық, мақсатқа берік қасиеттеріңіздің арқасында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін басқарып келесіз. Әріптестеріңіз Сізді білікті басшы, іскер ұйымдастырушы, жаңашыл бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, құрмет тұтады. Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат тілейміз. Еңбекте толағай табыстарға, биік шыңдарға жетіп, абырой-беделіңіз арта берсін. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын! Туған күніңіз құтты болсын!

 

Ізгі тілекпен, университет ұжымы

 

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua