Бірыңғай ашық сағаттар өткізілді
9 желтоқсан – сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күніне орай ұйымдастырылатын Батыс Қазақстан облысындағы айлықтың іс-шаралар жоспарының 13-тармағына сәйкес М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіде шараға байланысты Бірыңғай ашық сағаттар өткізілді. Шараға университетіміздің студенттер құрамы мен профессор оқытушылар құрамы дәрістер оқып, бейнелекциялар тыңдалды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманың мәтінімен танысып, ой-талқыға салды. Дәріске қатысушыларға тыңдаушыларға қосымша тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.