Шағын футболдан біріншілік өткізілді
М.Өтемісов атындағы БҚМУ дене тәрбиесі кафедрасы, салауатты өмір салты орталығы ұйымдастыруымен, Бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдауымен университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында шағын футболдан біріншілік өткізілді. Тартысты өткен доп додасында ІІІ орын университет әкімшілігінің құрамасы, ІІ орын педагогика факультетінің құрамасы, І орын ақпараттық технологиялар орталығының құрамасы иеленді. Үздік ойыншылар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.