Қанатың талмасын, жас ғалым!

Жастар жылының қарсаңында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жаратылыстану - география факультетінің 3 курс студенті МЕҢДІҒАЛИЕВА Айым Тоқтасынқызы «Бөбек» Жалпы ұлттық қозғалысы» заңды тұлғаларының бірлестігінің ұйымдастыруымен республикалық «Жас қыран» атты кітап жинағына еніп, «ҮЗДІК СТУДЕНТ 2018» белгісімен марапатталып, арнайы куәлігі берілді.

Мыңдаған талапкерлердің ішінен оза шапқан, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан студентіміздің жетістігі бұнымен тоқтаған емес.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Жастар жылының» ашылуында, «Қазақстанда жастардың стартап - жобаларын қолдайтын қор құрылады» - деп атап көрсеткендей, дәл осы тұрғыда, Айымда «Startup Bolashak: Менің Арманым» Стартап-жобалар Ұлттық байқауының финалисті (Астана қ.). Сонымен қатар Халықаралық, Республикалық басылымдардағы ғылыми мақалалардың авторы. Республикалық ғылыми жобаның жүлдегері. БҚМУ ректоры Алғыс хат иегері, «Үздік Жас ғалым» аталымының дипломанты, «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» семинар тренингінің қатысушысы, «Жастардың үздік инновациялық бизнес жобасы» байқауының финалисті, «НИРС» университетішілік байқауының 1 орын иегері және т.б. Еліміздің дамуына үлес қосар Меңдіғалиева Айым сынды жастардың бары қуантады. Айымның университетіміздің, облысымыздың еліміздің даңқын асқақтатарына күмәнім жоқ. Асқақтай бер, қанатың талмай, еліңе мақтаныш сыйлар азаматша бол!

 

Кажимова Карылгаш Рахымқызы

Мәдениет және өнер факультетінің деканы

6D010300 – Педагогика және психология мамандығы бойынша

Философия докторы (PhD)

Mendigalieva 2МендигалиеваАйым

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua