БҚМУ-да Конституция күніне арналған шара өтті

IMG 9586 miniБүгін М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да «Рухани жаңғыру» институты мен құқықтық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Ата Заң – азат елдің ар-намысы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен шақырулы қонақтар қатысты. Аталған шарада заң ғылымдарының кандидаты, доцент Хамидулла Қусдавлетов «Мемлекеттің бастауы», БҚО сотының мемлекеттік тілді дамыту бойынша бас маманы Меңдіғали Бақтұғылов «Конституция – құқықтық мемлекет өзегі», облыс прокурорының аға көмекшісі Бауыржан Ахметжан «Прокуратура азаматтардың құқықтарын қорғау жолында», БҚО ҚХА «Орыс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сергей Погодин «Конституция – тарихымыздың мақтанышы», ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің БҚО бойынша  департаменті превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Ринат Мұратов «Парасаттылықты қалыптастыру – Құқықтық мәдениетті арттырудың жаңа механизмі» тақырыптарында баяндамалар жасап, шара соңы пікіралмасуға ұласты.

Рита Сұлтанғалиева,

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың баспасөз қызметі

 


Мақалаға сілтеме

 

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua